Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеуіш сөздер

29 шілде 2014, Сейсенбі
Бейнелеуіш сөздер (слайд)
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер.
Мысалы: жалт қарады, маң - маң басады, желп - желп етеді, жарқ - жарқ етті.

Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (С. Мұқанов)
Берілген мысалдардағы кілт сөзі бірден, тез тоқтауды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті қайқаң етті, сылаң етіп шыға келді, тыржың етті т. б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт – жұлт, маң – маң, Бүгжең – бүгжең жүрді, қиқаң – қиқаң етті т. б.

Ертегі айтса, ұршығын
Ұмытып әжем кетеді.
Жерде жатқан жүнді алып,
Қайта - қайта түтеді.
Басы қалт - қалт етеді,
«Ерте, ерте, ерте екен...»
Аузы балп - балп етеді.

Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік жерге салп етті,- дегенде, «салп» деген сөз дыбысты емес, қарғаның ауызынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді.

Адамның жүрісі
бүрсең - бүрсең
Домалаң - домалаң
Қайқаң - қайқаң
Шойнаң - шойнаң
Ербең - ербең
Қалбаң - қалбаң
Балпаң - балпаң
Томпаң - томпаң

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
120 765
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру.
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту.
Бейнелеуіш еліктеу сөздер
Бейнелеуіш еліктеу сөздер
Еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөзді ажырата алады.
Бейнелеуіш сөз
Бейнелеуіш сөз
Бейнелеуіш сөздерді мысалдар арқылы түсіндіру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
Еліктеу сөз туралы түсінік
Еліктеу сөз туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, "Кемербастау" жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жуасова Нұржамал Кауысовна
Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер
Атырау облысы, Махамбет ауданы Е. Ағелеуов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Узганбаева Гулфайруз Уразгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×