Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эстафеталық жарыс

23 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу

Барысы:
Ұйымдастыру
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - деп бүгінгі эстафеталық жарысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Жарысымыз 2 командадан тұрады.
1 команда «Жас ұлан»
2 команда «Достық»
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
«Ой шақыру»
Сұрақтар:
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Денсаулық үшін не пайдалы, не зиянды?
3. Тұмау деген не? Оның таралу жолдары қандай?
4. «Ауру - астан» демеп пе еді халқымыз, тамақтану гигиенасы туралы не айтасыздар?

1. тур Таныстыру (әр команда капитаны ұрандарымен таныстыру).
2 тур Спорт - біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт - біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі турымыз «Кедергілерден өту»

3 тур
Жүйрік болса кім
Күлімдейді күн
Жарыста жүгір, алға ұш - деп келесі турымыз «Скакалкамен жүгіру».

4 тур Жүгір. Жүгір, селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан,
Болып қыран,
Өс ұлан – деп «Жорға, аяңдап жүруден жарыс».

5 тур Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт,
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт – деп келесі «Ергежейлі» аяқты жартылай бүгіп жүруден
жарыс.

6 тур Күш атасын танымас – деп келесі турымыз «Мен күшті» арқан тартыс.

Осымен бүгінгі жарысымыз өз мәресіне де жетті. Келесі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Келіп тамашалап көргендеріңізге рақметімізді айтамыз.
39 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Дені саудың - жаны сау (спорттық шара)
Дені саудың - жаны сау (спорттық шара)
Денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ептілік және жылдамдық тәрізді қасиеттерді дамыту.
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен сабақтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК дене тәрбиесі маманы Амиров Әділ
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі (ұстаздар арасындағы тренинг)
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі (ұстаздар арасындағы тренинг)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сүлеймен Гүлмира
Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның
Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыржақыпова Меруерт
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы «Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» (Эстафеталық жарыс)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×