Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі

30 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Химия
М.Әуезов атындағы орта мектеп,
химия пәнінің мұғалімі
Әбілова Әсел Төлеуқызы

Тақырып: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Д.И.Менделлеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметалдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндере отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Тұрмыста қолданылатын кейбір металдар мен бейметалдар үлгілері. Мырыш, сынауықтар, тұз қышқылы, натрий гидроксиді. Венн диаграммасы, тірек - сызба нұсқасы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметалдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ игеру
4. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологиялық дайындық).
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Тарауды қорытындылау мақсатында тест тапсырмасын беру.

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
1. Судың физикалық қасиеті: а) түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық б) түссіз, ащы иісті сұйықтық в) иіссіз, дәмді, қатты зат
2. Тұздардың жіктелуі
а) орта, негіздік, қышқылдық
б) негіздік, тұз, орта
в) қышқылдық, екідайлы, орта
3. Қышқылдардың жіктелуі
а) оттекті, екідайлы
б) негіздік, оттексіз
в) оттекті, оттексіз
4. Негіздердің жіктелуі
а) суда еритін, суда ерімейтін, қышқылдық
б) суда еритін, суда ерімейтін, екідайлы
в) суда еритін, суда ерімейтін, тұз
5. Оксидтердің жіктелуі
а) Негіздік, екідайлы, қышқылдық
б) негіздік, қышқылдық, тұз
в) қышқылдық, екідайлы, орта

Ой шақыру кезеңі.
Біз өткен сабақтарымызда жай заттардың металдар мен бейметалдардан тұратынын білдік.
Енді бүгінгі жаңа сабағымызда сол жай затымыз элементтің жіктелуіне тоқталамыз.

Мағынаны тану.
Жаңа білімді игеру.
XIХ ғасырдың ІІ жартысында астам элементтер белгілі болды. Оларды өздеріне тән ортақ физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты металдар және бейметалдар деп бөлді.
Топтастыру әдісі.

Элементтерді жіктеу кезінде физикалық қасиеті металға, ал химиялық қасиеті жағынан екі жақты қасиет көрсететін элементтер тобы болды.
Сондықтан элементтерді екі топқа жіктеу аз болғандықтан екі жақты қасиет көрсететін элементтер тобын екідайлы (амфотерлі) элементтер деп аталады.
Олардың оксидтері мен гидроксидтері де екі жақты қасиет көрсетеді.
Мырыш физикалық қасиеті жағынан металл, ал химиялық қасиеті екі жақты. Ол әрі негізбен, әрі қышқылмен де әрекеттеседі.

Қызығушылқты ояту
Демонстрациялық сабақ
Мырыштың тұз қышқылымен, калий гидроксидімен әрекеттесу тәжірбиесін жасап, оқушылардың көзін жеткізу.
Оксиді мен гидроксидін қарастыратын болсақ оларда екі жақты қасет көрсетеді.

Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы (амфотерлі) деп аталады. (Дәптермен жұмыс)

4. Сабақты қортындылау
Тірек сызба нұсқасын, Венн диаграммасын қолдана отырып жаңа сабақты бекіту, оқушылардың жаңа сабақты толық меңгергендігін бақылау.

Слайдты жүктеу
18 056
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер
Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер
Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызы. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом құрылысы мен өзара байланысы, периодты заң туралы
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Гульназ Чапетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×