Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық марафон

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Ақтөбе облысы Алға ауданы
№3 Алға қазақ орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Математикалық марафон» интеллектуалдық ойыны.
(Кластан тыс іс - шара, 6кл арасында)
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың зеректігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: PowerPoint бағдарламасында құрылған презентация, математика туралы ақын - жазушылардың сөздері. Оқушылардың класы, тобының аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
К. Гаусс
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
М. В. Ломоносов
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
Р. Бэкон

Барысы:
1. «Асық ату»
2. «Бәйге»
3. «Жекпе - жек».
4. «Теңге алу»
Қорытынды.

Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
«Математикалық марафон» атты ойынымызды бастаймыз.
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, математика жанкүйерлері. Бүгінгі «Математикалық марафон» атты интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымызға қатысушы топтармен таныс болыңыздар.(Әр топ өзін қысқаша таныстырып өтеді.)
«Оң сандар» тобы, 6 «А» кл оқушылары
«Теріс сандар» тобы, 6 «Ә» кл оқушылары
«Қарама - қарсы сандар» тобы, 6 «Б» кл оқушылары
«Кері сандар» тобы, 6 «В» кл оқушылары
Бүгінгі ойынның есепші операторлары 9 кластың озат оқушылары:...

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді.
Жеңістің, биік шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілейік.

Мұғалім: Кезекті ойынға береміз. I - бөлім «Асық ату» деп аталады. Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 асық – 5 ұпай (барлығы 5 асық – 25ұпай). Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда қарсы топтардың бірінші болып қалақшаны көтергені жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, асық – ұпай сол топқа беріледі. Әр топ өзіне фигура таңдап, сол фигураның сұрақтарына жауап береді.

Үшбұрыш сұрақтары:
Қосылғыштардың орынын ауыстырғанмен не өзгермейді? (қосынды өзгермейді)
Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз? (Алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз)
Пропорция дегеніміз не? (Екі қатынастың теңдігі)
Координаталық түзу дегеніміз не?(Санақ басы, бірлік кесіндісі, оң бағыты көрсетілген түзу)
Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан? (0 саны)

Шаршының сұрақтары:
Кез келген санның нолмен қосындысы неге тең? (сол санның өзіне тең)
Бүтін сандар жиынына қандай сандар жатады? (0 саны, натурал сандар жиыны, қарама - қарсы сандар жиыны)
Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай бөлеміз? (Бірінші бөлшекке екінші бөлшектің алымы мен бөлімін алмастырып көбейтеміз)
Оң санның модулі неге тең? (сол санның өзіне)
Бұрыш дегеніміз не? (Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған кесінді)

Дөңгелектің сұрақтары:
Қарама - қарсы сандардың қосындысы неге тең? (0 - ге тең)
Оң сан мен теріс санның қайсысы үлкен? (оң сан үлкен)
Аралас сандарды қалай көбейтеміз? (Алдымен аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан соң алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз)
Санның модулі дегеніміз не? (Нүктенің санақ басынан қашықтығы)
Рационал сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады? (Бүтін сандар және бөлшек сандар жиыны жатады)

Тіктөртбұрыштың сұрақтары:
Екі теріс санның қосындысы қандай сан? (теріс сан)
Шаманың жүзден бір бөлігі қалай аталады? (пайыз)
Таңбалары әр түрлі екі сан қалай қосылады? (Модулі үлкенінен модулі кішісін азайту керек. Модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек)
Қандай сандар натурал сандар деп аталады? (санау үшін қолданылатын сандар)
Бұрыштың түрлерін ата. (Сүйір, доғал, тік, жазыңқы, толық)

Мұғалім: II бөлім «Бәйге» деп аталады. Бұл бөлімде тест тапсырмалары беріледі, соған әр топ алдарыңыздағы жауап парағына дұрыс жауабын жазып бересіздер. Әр дұрыс жауап 5 ұпай, уақыты 2 минут.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 764
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әй, осы математика...сайысы
Әй, осы математика...сайысы
Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана біледі. Әрбір оқушыға сапалы терең білім беріледі. Ақпараттық құралдар арқылы алған білімдері толықтырылып бекітіледі.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×