Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту (презентациясымен)

Жоспар:
І. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

«... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»
Н. Назарбаев

Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан - жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан - жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан - жақты қалыптастыру.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруі - мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н. Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс - тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін - өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т. б, таным әрекетерін жасайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі

Мақсатты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джорж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Ол үш кезеңнен тұрады:
I. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қізмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.

II. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V – білемін
– - білмеймін
+ - мен үшін жаңа ақпарат
? – мені таңқалдырады - белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

III. Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Кубизм» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір - бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы - басты тұлғаға айналады, «оқушы оқу әрекеті - мұғалім» жүйесі қажет болады. Бұдан мұғалім рөлі төмендемейді, тіпті 2 - 3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс - әрекеттерді әр балаға лайықтап ұйымдастырушы, баланың қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір - бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырмыз. Дәл осы тоғысудан ізденгіш мұғалім өзі үшін көп нәрсе алары сөзсіз.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5 - 6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым - қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана - сезімін дамытуға бағытталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 276
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Мектепті дамыту жоспарының (МДЖ) басымдықтары
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×