Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Цитология. Цитологияның міндеттері

06 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Цитология ғылымымен, оның негізгі міндеттері мен зерттеу әдістері туралы, ауыл шаруашылығы мен медицина саласындағы маңызы туралы білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру мен қорыту біліктілігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Салауатты өмір сүру әдеттеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сызбанұсқалар
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі. Дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: Химия, география

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Мақсат қою кезеңі.
1. Сәйкестендіру
Генетика - жасушаны зерттейді.
Цитология - сұрыпталуды зерттейді
Анатомия - тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.
Эмбриология - ұлпаны зерттейді
Гистология - ұрықтың дамуын зерттейді.

2. Ой қоржын
Генетиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
1. Генетика – медицина
2. Генетика - география
3. Генетика - педагогика
4. Генетика – селекция

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Цитология (гр. κύτος — «қойма», бұл жерде: «жасуша» и гр. λόγος — «оқу», «ғылым») - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі - цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.

Цитологияның зерттеу әдістері:
Онкологияда - Бастамалы және асқынып кеткен ісіктерде, ісіктерді емдеуде қолданылады.
Гематологияда - Аурудың диагнозын анықтауда және емдеуде қолданылады.
Гинекологияда - Онкологиялық ауруларды, жүктілікті анықтауда қолданылады.
Мүшелер жүйесінде - Тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларын емдеуде қолданылады.

Ғылыми зерттеулерде цитохимиялық арнаулы әдістер қолданылады
1. Авто - радиографиялық
2. Иммуноцитохимиялық
3. Цитоспектрофотолық Не цитофлуориметриялық
4. Электрондымикроскопиялық
5. Ұлпалық

IV. Сабақты бекіту. Ойлан, тап ойыны.
1. Цитология қандай ғылым?
2. Цитология қандай пәндермен тығыз байланысты?
3. Цитологияның зерттеу әдістері?

V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма
37 430
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы
Студенттерге молекулалық биология, медициналық генетика пәнінің міндеті, негізгі даму кезеңдері туралы білім беру.
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Генетика және оның даму тарихы
Генетика және оның даму тарихы
Астана қаласы, «Құрылыс техникалық колледжі» химия және биология пәні оқытушысы Мағауин Жеңіс Тезекбаевич
Генетика мен селекция
Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×