Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгірлер отауы

10 наурыз 2014, Дүйсенбі
Тақырыбы: «Білгірлер отауы»
Білімділік мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілеттерін қалыптастыру, арттыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың байқағыштық, тапқырлық,
жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Достыққа, бірлікке, бірін - бірі сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімділер сайысы
Қатысушылар: 8 - 9 - сынып оқушылары
Көрнекілігі: цитаталар, слайдтар
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік

Өту барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Топтармен таныстыру
ІІІ. Білгірлер сайысы

- Кеш жарық, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар, сайысқа қатысушылар! Өздеріңізге белгілі, осы аптада мектебімізде «Шежіре» әдістемелік орталығының апталығы өтуде. Міне, бүгін осы апталыққа байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.
Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, туын желбірететін жас ұрпақ өркен жайып, өсіп келеді.
Біздің дана халқымызда «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір», «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақыл сөздер бар. Олай болса, осындай ұрпақтарымыздың бір легін қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық. Бүгінгі «Білгірлер отауы» атты білгірлер сайысында 8 - 9 - сынып оқушыларынан құралған «Наз» атты қыздар тобы мен «Серілер»атты жігіттер тобы бақ сынамақ. (қазылар алқасын сайлап аламын)
Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы айналымын бастаймыз. Алғашқы айналым – «Деректер»
(әр топ белгілі бір деректер бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтардың үш нұсқасы оқылады. Егер сұрақтың жауабын білсе, тетікті басып жауап беру керек.)

1. «Ер Тарғын» жырында кездесетін халық данасы, жырау?
а) Сыпыра жырау в) Марғасқа жырау с) Нұрым жырау
2. Әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатын етістік түрі
а) көсемше в) есімше с) есімдік
3. Көркем шығармадағы кейіпкердің сөзі, өзімен өзі сырласуы, толғанысы қалай аталады?
а) диалог в) монолог с) эпилог
4. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген шешен?
а) Бөлтірік шешен в) Қанай шешен с) Жиренше шешен
5. Түрік қағанатының негізін қалаған қаған
а) Бумын в) Елтеріс с) Тоныкөк
6. Сөздердің дұрыс жазылуы жайлы ережелердің жиынтығы
а) орфоэпия в) орфография с) пунктуация
7. Махамбеттің Исатай өліміне арнаған эллегиялық туындысы
а) «Қызғыш құс» в) «Исатай деген ағам бар» с) «Мұнар күн»
8. Арасынан қыл өтпеу тіркесінің мағынасы
а) өте тату в) жақын с) бірге туған
9. Бастауышы мүлде жоқ сөйлем
а) жақты в) жақсыз с) жалаң
10. «Батыр Баян» поэмасындағы хан бейнесі
а) Жәңгір в) Абылай с) Уәли
11. «Қорқыт ата» кітабында неше жыр бар?
а) 15 в) 10 с) 12
12. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған білімпаз, тілші ғалым
а) М. Қашқари в) Әбу Насыр әл - Фараби с) Ж. Баласағұни
13. Сорпаға мұз салынған сусынды қалай атайды?
а) шалап в) томыртқа с) қойыртпақ
14. Көкенай қай шығарма кейіпкері?
а) «Батыр Баян» в) «Қалқаман - Мамыр» с) «Еңлік - Кебек»
(ұпайлар есептеледі)

- Оқу - білім - әр болашақ шуағы
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік
Білім, ғылым көкте биік тұрады,- дегендей енді «Дәлелдер» деп аталатын келесі сайысымызға кезек берейік. Бұл сайыста берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, өз дәлелдерін айтады. Мұнда да кім жауапты білсе, сол тетікті бірінші басып, жауап береді.

Сонымен екінші айналым - «Дәлелдер»
1. Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (иә)
2. Етістіктің 4 шағы бар. (жоқ 3)
3. Қазақ әліпбиінде 25 дауыссыз дыбыс бар. (иә)
4. Алғабас - Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты ма? (жоқ, Алғадай)
5. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 5 - ке бөлінеді (жоқ, 4 - ке)
6. «Диуани хикмет» Ахмет Йассауйдің еңбегі (иә)
7. Ұзатылар қызға беретін мүлік байғазы деп аталады (жоқ, жасау)
8. Кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш бақан деп аталады (жоқ, уық)
9. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жатады (иә)
10. Ш. Құдайбердіұлы 1858 ж туылды (иә)
11. Қазақ халқының бес арысы 1988 ж ақталды (иә)
12. Абайдың жеңгелері қойған есімі Телқозы деп аталады (жоқ, Телғара)
13. Тіліміздегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер - неологизмдер (иә)
14. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр (иә)
(ұпайлар есептеледі)
- Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен,
Ал біздің сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден,- дей келе, ендігі кезекті «Бедерлер» айналымына береміз.
(айналым шарты түсіндіріледі)
(ұпайлар есептеледі)
Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп төгілсін.
Иә, ендеше сайысымыздың келесі бөліміне де кезек берейік.
Келесі айналым -- «Жеделдер»
(бұл айналымда әр топқа жеке - жеке 10 сұрақтан қойылады. Әуелі жауап беру кезегі ұпайы көп топқа беріледі)

Қыздарға:
1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
2. Түркістан қаласының ескі атауы. (Иассы)
3. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын жай сөйлем түрі. (хабарлы сөйлем)
4. Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі болатын тұрлаулы мүше. (бастауыш)
5. Бармағын тістеді тіркесінің мағынасы. (алданды)
6. А. Йассауйдің ұстазы. (Арыстанбаб)
7. Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер. (антонимдер)
8. Абылай хан қайда жерленген? (Түркістан)
9. Қазақтың төл дыбысы нешеу? (9)
10. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады. (эвфемизм)

Жігіттерге:
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
2. Түркі елі киелі жер, екінші Мекке деп түсінген қала (Түркістан)
3. Іс – оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем (атаулы)
4. Зат есімнен болған мүшенің сын - сипатын анықтап тұратын тұрлаусыз мүше (анықтауыш
5. Жағына пышақ жанығандай тіркесінің мағынасы (арық)
6. Жамбыл пір тұтқан ақын (Сүйінбай)
7. Айтылуы бірдей, мағыналары басқа - басқа сөздер (омонимдер)
8. Аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салған? (Ұлытауда)
9. Әріптердің рет - ретімен тізілген жиыны қалай аталады? (әліпби)
10. Ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер қалай аталады? (дисфемизм)
(қазылар алқасы ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды)

Қорытындылау
- Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып, бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық. Себебі:

Сендерсіңдер - халқымның армандары,
Сендерсіңдер - шырақта салған әні.
Сендерсіңдер - иесі кең даланың,
Сендерсіз бұл тірліктің жалған бәрі.

Сендерсіңдер өмірдің жалғастары,
Аттанған алыс жаққа алғаштары.
Сендерсіңдер қадірлі болашақтар,
Арайланған елімнің таңғы аспаны.
12 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық,
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Келешекке ой көзімен үңіліп, Жастық жүзден сезімі асқақ білініп, Бақытының кілті сонда екенін Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып, Сол мақсаттың баян жолын арман ғып, Екі елді мың жылдыққа жалғантып, Өзі туып - өскен бүгін әулетке Той қылдырып, әрі тағы
Тапқыр достар (білгірлер сайысы)
Тапқыр достар (білгірлер сайысы)
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, "№17 Байқоңыр орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурпейсова Гулсим
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×