Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылы жүрек – жақсы тілек

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жылы жүрек – жақсы тілек
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке, кеңпейілдікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу

Жүрісі: 1- бөлім
Адамгершіліктің шуағы сөнбесін!
Өмірде жаман адам туылмайды. Егер нәпсісі рухынан жоғары, үстем болса, жақсы іс - әрекеттерді адам бойынан табу қиын. Ал барлық жақсы қасиеттер, яғни шыншыл, мейірімді, кешірімді, еңбекқор, ақылды т. б. адамда ғана болады. Осының бәрі рухтан туындайды. Рух дегеніміз не? Рух - адам бойындағы бір күшті қуат, сезім. Күн адамның рухы болса, күннің сәулесін адам бойындағы жақсы қасиеттер деп алайық.
Ал енді мына күнге қараңдаршы? Осы жарық күнді біз мейірбан шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік, бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр, яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.

Жүргізуші: О, алтын Күн көктегі,
Арманың болар, көп тегі...
Күн: Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым.
Құты қашып елімнің
Солмаса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек
Адамдар жүрсін күлімдеп,
Деп төгемін нұрымды
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын
Несіне айтам, о жайын.

Жүргізуші: Балалар күннің бетіндегі бұлттарды ашып, ана көңілін сергітуіміз керек. Ендеше күннің бетіндегі бұлттарды ашып, ана көңілін сергітуіміз керек. Ендеше күннің өзінен сұрайық. Сізді мына бұлттарды арылту үшін не істейік?
Күн: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»деген мақалдың мағынасын ашып беріңізші?

Жүргізуші: Аңыз әңгімеден көрініс:
Бір диуана ел аралап шахардан шахар кезіп; қоржынын арқалап жүреді екен. Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек. Күндердің күнінде келе жатып есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге келеді. Әйел оны көріп: - О, жаман неме міне саған жақсылық та, жамандық та мынаны же де өл,- деп у қосылған нанды береді.
Бір күні келе жатып диуана жүрген жерің қайырымды, мейірімді болсын - деп сәлем береді керуен басы. Азық таусылып, біздің күніміз қиын болды. Мына қарақшыларға тоналған әкелі, балалыларға жүрек жалғар бірдеңең бар ма?
Қайыршы қалтасындағы нанды алып екеуіне бөліп береді. Неше күн нәр татпаған олар қомағайлана жеп алады. Сәлден соң бірінен соң бірі құлап, тіл қатпастан қалады. Керуен адамдары диуананы сабай бастайды. Бір кезде ол үн қатып: - Уа, қайырымды адамзат жазықсыз мені таяқтамаңдар. Мен ел берген садақаны алып жүре беремін. Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін – дейді.
- Жүр, баста онда сол үйге – деп керуеншілер манағы үйдің жанына келеді. Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады. Хәл үстінде жатқа күйеуі мен баласын көріп, өз ісіне өкінеді. Әйелдің жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз алдына келеді. Жасаған жамандығына өкініп, ақыры ішқұса болып өледі.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі:
Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуаныш – жан жылуы
Қуаныш – жан жылуы
Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой - өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілік - асыл қазына
Адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Жүрегімде жақсылық
Жүрегімде жақсылық
Бастауыш сынып мұғалімі Бекберлиева Арайлым Биржановна
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×