Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиеттік оқу (2 сынып) Тест тапсырмалары ІІІ тоқсан

26 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу. Тест тапсырмалары (2 сынып)
1. Спандияр Көбеев кім?
а) жазушы, ұстаз ә) ақын б) суретші
2. Спандияар Көбеевтің қандай әңгімелерін оқыдың? Жазып көрсет.
3. Бәрі таппаған ақылды кәрі табады деген нақыл сөз қай ертегіде айтылған?
а/ «Шал мен балалар»
ә/ «Мысық пен тышқандар»
б/ «Атасы мен немересі»
4 «Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы
а/ Ыбырай Алтынсарин
ә/ Бауыржан Момышұлы
б/ Қайқаус
5. Ананың мейірімі, алақаны, сүті туралы қай өлеңде жырлаған?
а/ Ф. Оңғарсынова Жылу
ә/ Ф Оңарсынова Әже
б/ Мағжан Жұмабаев бесік жыры
6. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі не деп аталады?
А/ диалог ә/ рөлге бөлу б/ оқу
7.«Әлди бөпем» деген сөздері бар жыр қалай аталады?
а/ Батырлар жыры ә/ Наурыз жыры б/ Бесік жыры
8. «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңінің авторы
а/ Мұзафар Әлімбай ә/ Жәнібек Кәрбозин б/ Ескен Елубай

9. Шона Смаханұлының «Тәкаппар» шығарманың қандай түріне жатады?
а/ ертегі ә/ әңгіме б/ мысал
10. Оқиғасы «Тазалық - денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата.
а/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?» ә/ Ы. Алтынсарин. «Салақтық»
б/ Е. Ерботин. «Даңғой»
11.«Ұйқышылдық - жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?
а/ Ж. Кәрбозин «Жиырма тиын» ә/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»
б/ Ы. Алтынсарин. «Салақтық»
12«Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда» деген жолдары қай мәтіннің қорытынды ойы?
а/ Е. Ерботин «Даңғой» ә/ Ш. Смаханұлы «Тәкаппар»
б/ О. Әубәкіров «Сүт қалай ұйықтады?»
13.«Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата
а/ ұйқышыл ә/ салақ в/ тәкаппар
14. «Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата.
а/ мақтаншақ ә/ салақ б/ еріншек
15. М. Гумеровтің әңгімесіндегі көк кептерді атқан кім?
а/ Аймаған ә/ Нүсіпбек б/ балалар

Ана тілі 3 сынып
Тест тапсырмалары
1. «Баланың айласы» әңгімесінің авторы
а/ Ы. Алтынсарин ә/ Абай б/ Ш. Уәлиханов
2. «Азықсыз адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деген ақыл сөз қай мәтінде кездеседі?
а/ «Таза бұлақ» ә/ «Бір кесе меруерт» б/ «Нағыз адам»
3. Абайдың баласының аты кім?
А/ Жақия ә/ Мұхтар б/ Әбдірахман
4. Балалар жазушысын тап
а/ Мұхтар Әуезов ә/ В. Сухомлинский б/ Сапарғали Бегалин
5. «Мейірім» мәтінінде кім туралы айтылған?
а/ Абай ә/ Әбдірахман б/ Шоқан
6. «Достық өлкесінің заңы» өлеңінің авторы
а/ Мұхтар Шаханов ә/ Сапарғали Бегалин б/ Бердібек Соқпақбаев
7. «Есіңде ме, сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой... Мен оны терезеден көріп тұрғанмын» деген үзінді қай мәтіннен алынған?
а/ В. Сухомлинский «Ақ шаш» ә/ Ғ. Орманов «Ана» б/ С. Бегалин «Мейірім»
8. Нақыл сөздің жалғасын тап:
«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі.
..........................................................................
9. Алаша дегеніміз не?
а/ сүйекпен өрнектеп жасаған төсек ә/ қой жүнінен тоқылған төсеніш б/ тігістің түрі
10. Динаның Құрманғазы атасына ойнап берген күйі қалай аталады?
А/ «Жеңіс» ә/ «Көбік шашқан» б/ «Жұмыр қылыш»
11. Медеу Сәрсекенің «Рәсім» әңгімесінде қандай салт - дәстүр айтылған?
а/ амандасу ә/ қыз ұзату б/ көрісу
12. «Мектепке», «Амангелді», «Жас Абай» суреттерінің авторы және аса талантты қазақ суретшісі кім?
а/ Қаныш Сәтпаев ә/ Әбілхан Қастеев б/ Әміре Қашаубаев
13. «Ынтымақтастық» және «ала ауыздық» туралы қай мәтінде айқын көрсетілген?
а/ «Құстар айтысы» ә/ «Мейірім» б/ «Ақ шаш»
14. «Көктем сәні» шығармасы халық ауыз әдебиетінің қандай түріне жатады?
а/ аңыз ә/ жұмбақ б/ ертегі
15. «Тіршіліктің арқауы алдымен – тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды - жансыз бәрінің талас - тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдар қай мәтіннен үзінді
а/ Қ. Мұқышев «Көктем» ә/ М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
б/ І. Жансүгіров «Жазғытұры»
16. Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:
«Ой мен қырдың шалғыны
... жасырсын.»
а/ Егіннің көгін ә/ Жатқан малды б/ Айдын шалқарды
17. «Туған өлке,
Қондым кеп көгалыңа баяу ғана.» деген жолдар қай өлеңнен алынған?
а/ Олжас Сүлейменов «Тұңғыш космонавт» ә/ Қасым Аманжолов «Көктем»
Бейімбет Майлин «Жаңбыр»
18. «Көктем сәні» ертегісіне сүйене отырып, көктем сәнін жазып көрсет.
19. «Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңе бар дертіңді қашырады.» жолдары қай өлеңнен алынған үзінді?
а/ Абай «Жазғытұры» ә/ Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
б/ Ілияс Жансүгіров «Жазғытұры»
20. Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдың? Жазып көрсет.
15 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
2 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Әдебиеттік оқу бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Мағжан Жұмабаев. Бесік жыры
Мағжан Жұмабаев. Бесік жыры
Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным
Бесік жыры
Бесік жыры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шержанова Гүлназ
Бесік жыры
Бесік жыры
Жақсыбайкөл негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Райса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×