Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ әдебиетінен 6 сыныпқа арналған орта мерзімді жұмыс жоспары

12 қыркүйек 2014, Жұма
Қазақ әдебиетінен 6 сыныпқа арналған орта мерзімді жұмыс жоспары
• Пән: Әдебиет
• Сағат саны: 68, аптасына 2 сағат
• Оқулық: Қазақ әдебиеті 6 сынып, К. Ісламжанұлы, С. Тілешова, Б. Әріпова, Р. Баттал. Алматы «Атамұра» 2003 жыл
• Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 9. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС (2. 3. 4. 01 - 2010) сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұсынған қазақ тілі оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Түсінік хат
Әдебиет - өнер, халықтың сана - сезімін, көркемдік ойлау қабілетін байытатын рухани мұра. Әдебиет өмірге деген көзқарасты, эстетикалық талғам мен рухани ізгі мұраттарды қалыптастырады. Ол – жеткіншектердің санасын сергітетін, адамгершілік ізгі мұраттарға бастайтын рухани қазына.
Жалпы білім беретін мектептегі қазақ әдебиеті пәні оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт бойына сіңіруді көздейді.

Мақсаты – сөз өнерін адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын, әдеби шығармада бейнеленген құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, оқырмандық талғам мәдениеті қалыптасқан, білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін елжанды азамат тәрбиелеу

Міндеттері:
- Оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет - ғұрып, салт - санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық - адамгершілік мәнін түсіндіру.
- Көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи - әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту.
- Көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру.
- Оқушылардың ішкі жан әлемін рухани - адамгершілік құндылықтармен байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға дағдыландыру.
- Оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын еркін, шешен жеткізе алуға баулу
- әдеби – теориялық білімін сауатты қолдана алу құзіреттілігін қалыптастыру, олардың сыни ойлауларын жетілдіру, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
- Қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне қолдана алуға үйрету.

6 – сыныптың «Әдебиет» курсын аяқтай отырып, мыналарды меңгеріп шығады:
- көркем әдебиеттің қоғамдық мәні, ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде, батырлық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін білу арқылы ұлттық қазына, ұлттық таным, ұлттық рухани сананы қалыптастыру;
- ХІХ ғасырдағы әдебиет өкілдерін, олардың шығармаларының негізгі ерекшеліктерін ажыратып, шығармаларының негізгі эпизодтарының мазмұнын білу;
- Көркем әдебиеттің кейбір жалпы ерекшеліктері (образдылық), шығарма құрылымы «тақырып, идея, сюжет, композиция), әдеби жанр түрлері, жазушы стилі туралы ұғым жайлы білу;
- ХХ ғасырдағы қазақ даласының саяси - әлеуметтік жағдайы және оның әдебиеттігі көрінісін білу;
- Көркем шығарманы талдаудың мазмұны мен мақсат - міндеттері: мәтіннің идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері; олардың арасындағы тығыз байланыс пен бірлестік, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру; мәтіндегі табиғат болмысы, тұрмыс - салт, дәстүрлік ерекшеліктер, шығарманың композициясы мен жанры және олардың әдеби - теориялық негіздерін білу;
- Прозалық және поэзиялық шығармаларды, олардың жеке үзінділерін логикалық екпінмен, айрықша мәнермен, мәтінге өзінің оқырмандық көзқарасын білдіре отырып оқи білуі керек;
- Оқылған шығармалардың басты кейіпкерлерін, олардың көркем шығармалардағы рөлі мен орнын білу;
- Әлем ақын – жазушыларының туындыларын оқи отырып, тіл құдіретін түсіну, әдебиеттер арасындағы тақырыптық - идеялық жақындықтарын ұғыну.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 590
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 10 сынып
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 10 сынып
Қазақ әдебиетінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар 10 сынып
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т. б. танып - білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Математика 5 – сынып (аптасына 6 сағат, барлығы 204 сағат)
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар
Күнтізбелік жоспар Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 5 Жылдық сағат саны: 102 сағат Апталық сағат саны: 3 Оқулық авторлары: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай Баспа: Алматы: Атамұра, 2010 Пән мұғалімі: Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×