Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы

25 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
5 - сынып
Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Топтамадағы сабақ тақырыптары
1. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
2. Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер
3. Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
4. Қосарлану және тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
5. Қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспары


Тақырыбы Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
Мақсаты Сөзжасам туралы түсінік қалыптасып, сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуын меңгеріп, талдайды, білімін сөздерді талдауда қолданады.
Күтілетін нәтиже 1. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуын меңгереді.
2. Талқылайды, білім қалыптастырады.
3. Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсілдер арқылы жасалуы туралы постер қорғайды.
Қажетті құралдар моноблок, проектор, постер, маркер.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қазақ тіл білімінің негізгі салалары: лексика, фонетика, морфология, синтаксистің ережелері жазылған қима қағаздарды таратып беріп, олардың тіл білімінің қай саласының ережесі екенін айттыру арқылы топтастырады. Топ аттары жазылған көрсеткіштерді топтардың үстелдеріне қояды.
Миға шабуыл: жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімін тексереді:

1. Сөздер қалай жасалады?
2. Жаңа сөз жасаудың қандай қажеттілігі бар?
«Оқу және талдау» әдісі:
1 - топқа: Сөзжасам ережелері жазылған қима қағаз.
2 - топқа: Сөзжасамның тәсілдері жазылған қима қағаз.
3 - топқа: Сөзжасамның маңызы.
4 - топқа: Лексикалық жолмен жасалған жаңа сөздер туралы қима қағаз.

Сөзжасам. Сөздердің лексикалық жолмен жасалуы туралы постер қорғату.
356 - жаттығудан үзінділерді таратып беріп, жұптық жұмыс жүргізеді.
1. 363, 364 – жаттығуларды орындап келуді тапсырады.
2. Сөзжасамды зерттеген қазақтың тілші ғалымдары туралы ақпарат жинақтау. Олардың еңбектерінің маңызы туралы ой қорытуды тапсырады.
Формативті бағалау және жиынтық бағалау
Кері байланыс: «Рюкзак» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі ойлар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі:
• Мен үйрендім
• Мен мына нәрсені түсіндім
• Мен есте сақтап қалдым

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер.
Қос сөз ережесін қолдана отырып, туынды сөздердің жасалу жолын түсіну.
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
Ақтау қаласы, №20 М. Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Ізімбердиева Күлаш Көшкімбайқызы
Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
Сөзжасам. Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы
Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рамазанов Сергей
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×