Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 Желтоқсан – Президент күніне орай тәрбиелік шара

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 Желтоқсан – Президент күніне орай 5 сынып оқушыларына арналған тәрбиелік шара
Тақырыбы; c
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Жүру барысы
1. «Аралас, қатып қал» стратегиясы бойынша оқушыларға «Желтоқсан айында қандай мерекелер болады?» деген сұрақ қойып оқушылардың жауабын тыңдаймын.
(«Аралас» дегенде оқушылар бір бірімен араласып сұрақтың жауабын бір біріне айтып өз ойларын жүйелейді. Мұғалім «Қатып қал» дегенде оқушылар бір орынғда тұрып қалады. Мұғалім қойылған сұрақтың жауаптарын балалардан сұрайды. (оқушыларды топқа бөліп отырғызамын)
2. Мұғалім сөзі: Рахмет. Ал желтоқсанның алғашқы күні – Президент күні аталып өтеді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ал осы Елбасымыз туралы не білеміз? (әр топтың жауабын тыңдап кластер арқылы тақтаға түсіреміз)
2. Мұғалім: Қазір сендердің бақытты балалық шақтарыңды көріп ата - әжелерің, әке - шешелерің қуанып Елбасымызға айтар рахметі шексіз. Ал осы Елбасымыздың балалық шағы қандай болды екен? Ол да сендер сияқты сәби болды, мектепте оқыды. Ол туралы білгілерің келе ме? Ендеше әр топқа мен Елбасының балалық шағы туралы баяндайтын мәтін таратып беремін. Барлығын мән беріп оқып шығып Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы туралы мазмұндап берейік
1 топқа:
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
2 - топқа:
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды
Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырып салмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән - жырларға, салт - ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
3 - топқа:
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта - ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын - туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан - тәнімен кірісті. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын».
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа - тұс келді.
4 - топқа:
Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.
Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.
(әр топ өзіне берілген мәтіннің қысқаша мазмұнын айтады.)
Мұғалім: Жарайсыңдар, рахмет. Ал Елбасымыздың балалық шағы туралы көп мәлімет алған сияқтымыз. Нұрсұлтан Назарбаев қандай бала болған? (топтастыру әдісі)
Бала Нұрсұлтан
«Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінен үзінді көрсетіледі. Балалық кезі, жасөспірім кезі және жастық шағы кезіндегі фотосуреттер көрсетіледі.
3. Әр топқа тапсырма беріледі: «Президенттің жұмыс күні». топ мүшелері бірлесіп Президенттің жұмыс күнін құрады және оны қорғайды.
4. Қорытынды бөлім:
Президент деген кім? Президент болып кім сайлана алады?
(оқушылардың жауабы тыңдалады)
Автор орындығы. Әр оқушы отырғышқа отырып, бүгінгі шарамыздан қандай ой түйді, нені үлгі ретінде өміріне алады сол туралы ашық ойын айтады.
Мұғалім сөзі: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Барлығыңыз да Қазақстан Республикасының жақсы азаматы болып өсулеріңізге тілектеспін.
8 506
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
1 - Желтоқсан президент күніне арналған тақырыптық сабақ «Елбасымен біргеміз!»
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі, туып – өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге азаматтыққа тәрбиелеу. Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×