Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектептегі дене шынықтыру жұмысының негізгі түрі - сабақ

Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ саналады деп жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған. Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескеру қажет.

Осы аталғанның бәрін бірлесе отырып іске асыру білім және іскерлік дағдыларын жүйелі түрде меңгертуді қамтамасыз етеді, оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған міндеттер шешіледі, оқушылардың дене тәрбиесінің жан – жақты білім алуының негізін құрайды. Бұл оқушының сабақ кезінде алған қимыл қозғалыс жөніндегі білімі мен іскерлік дағдыларын іске асыруының жемісі болып табылады. Тапсырманы оқушылар өз бетімен үйде, сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда да орындайды. Дене шынықтыру сабағында орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Олар күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылады. Мектептің мақсаты оқушылардың дене шынықтыру сабағында алған білім, іскерліктерін күнделікті өмірде, оқуда, еңбекте, демалыста тиімді пайдалануын көздейді. Осының бәрін оқушы ең алдымен дене тәрбиесі сабағында үйренеді.

Дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады. Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және бір - бірімен жан - жақты қарым - қатынасқа түседі. Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп өткізіліп отырылуы қажет. Сабақ барысындағы үйрету процесінде барлық оқушылар қимыл дағдыларын орындай білу шеберліктерін, білімнің белгілі бір көлемін меңгереді, дененің сапалық қасиеттеріне ие болады. Сабақтың ерекшелігі оқушылар ағзасының үнемі қимыл – қозғалыста болуында. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді.

Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан – жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 585
1
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау бала – болашақ жемісі
Дені сау бала – болашақ жемісі
Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балаларының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы
3 сағаттық дене тәрбиесімен айналысуды ұйымдастырудағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене қасиеттерінің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мамытов Берик Кудабаевич
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Батон
Батон Қолданушылар 6 ақпан 2018 00:01
0
өте керемет
маған слайд керек ед
winked
×