Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қайталау

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құрмалас сөйлем туралы білімдерін арттыра отырып, оның түрлерін ажырата білуге баулу, тыныс белгілерінің қойылу орындарын үйрету, оқушылардың теориялық білімдерін дамыту.
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қабілетін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу. Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.
Тәрбиелік: оқыған сайын оқи беруге, оқығандарын зерделеп тоқи білуге жетелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО, талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық.
Көрнекілігі: мәтіндер жазылған парақшалар, семантикалық карта, билет сұрақтары, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру. Жағымды көңіл күй туғызу.
– Жеміс таңдау арқылы 4 топқа бөліну.
– Топ басшысын сайлау.
– Топ ережесін шығару.

Қызығушылықты ояту сатысы. Тыныс белгілеріне байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір)
2. Сырғалы құлақ бір,
Үн - түнсіз сұрап тұр. (Сұрақ белгісі)
3. Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге. (Леп белгісі)
Нәтижесінде тақырып белгілі болады: Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

1 - тапсырма. «Құпия сандар сыры».
Оқушылар түрлі түсті парақшаларға жазылған сандарды (2, 3, 6, 1) таңдап алады. Бұл сандардың құрмаласқа қандай қатысы бар екенін оқушылар дәлелдейді. Көрші топ жауапты толықтырып отырады.
«1» – Талғаулы, кезектес салаластың 1 жасалу жолы бар.
«2» – Салалас құрмаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз деген 2 түрі бар;
– көп бағыныңқылы сабақтастың сатылы, жарыспалы – 2 түрі бар.
«3» – Құрмаластың салалас, сабақтас, аралас деген 3 түрі бар.
«6» – Салаластың да, сабақтастың да 6 түрі бар.

2 - тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген тыныс белгілерге (үтір, сызықша, қос нүкте, тыныс белгілері қойылмайтын орындар) қарап, қай құрмаласта қолданылатынын дәлелдеу.

3 - тапсырма. Мәтіндік жұмыс.
Әр топқа мәтін беріледі, мәтіннің қажетті жеріне тыныс белгілерін қойып, көрші топтармен алмастырылады. Интерактивті тақтадағы мәтіннің дұрыс нұсқасымен салыстырып, бірін - бірі тексереді.
Әр тапсырманың нәтижесі түрлі түсті стикерлермен бағаланылады.

4 - тапсырма. Әр топқа билет суыру арқылы құрмалас сөйлемдер беріліп, сөйлем мүшесіне талданады.
1 - топ. Манадағы даурыққан айғай - шу мен берекесіз абыржулар басылып, ұйымшыл бір тәртіп орнады да, әр топ өздерінің арнаулы тапсырмаларын орындауға жұмылды.
2 - топ. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермеген - ді, оған ағындап келе жатқан қабанның екпіні қосылып, ұңғысына дейін еніп кетті.
3 - топ. Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді – Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.
4 - топ. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғаным жоқ: мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін.

5 - тапсырма. Семантикалық карта. (4 топқа арналған)
1 - топ. Себеп - салдар, ыңғайлас салалас, қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрастыру керек.
1. Бұл хабарды Гүлнар қуанышпен қарсы алды, өйткені оның үйі Сарысу құйылатын жерден алыста орналасқан.
2. Бұл хабарды Гүлнар қуанышпен қарсы алды және оның келуіне қарай үлкен дайындық қамына кірісті.
3. Бұл хабарды Гүлнар қуанышпен қарсы алып, оларды күтіп алуға көлік жіберді.

2 - топ. Себеп - салдар, түсіндірмелі салалас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрастыру керек.
1. Маған мына кітап қатты ұнады, сол себепті тағы бір оқып шығайын деп едім.
2. Маған мына кітап қатты ұнағанмен, тағы бір оқып шығуға уақытым болмай жүр.
3. Маған мына кітаптың ұнағаны соншалық – уақыттың қалай өткенін байқамай қалдым.

3 - топ. Себеп, мақсат, қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрастыру керек.
1. Қатарында көлденең кісілер болғандықтан, Жанат Қуанышқа айтам деген сөзін әлі бастаған жоқ.
2. Оның ойын анықтап алу үшін, Жанат Қуанышқа айтам деген сөзін әлі бастаған жоқ.
3. Оның ойға шомған күйін байқаған күйі, Жанат Қуанышқа айтам деген сөзін әлі бастаған жоқ.

4 - топ. Қарсылықты, себеп бағыныңқы, түсіндірмелі салалас құрастыру керек.
1. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Күләш бұл түнді ұйқысыз өткізді.
2. Баласының тағдырын уайымдағандықтан, Күләш бұл түнді ұйқысыз өткізді.
3. Айнаш сөзінің ойландырып тастағаны сондай – Күләш бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы. «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы. (Себеп бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы, шартты бағыныңқы). Салалас пен сабақтасқа байланысты көркем әдебиеттен мысал теру арқылы дәлелдеу.
Рефлексия
15 616
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту; Ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×