Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Египет пирамидасы

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы:«Египет пирамидасы»
Оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі. Олардың сабақ үлгерімін көтеріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтеді.
Жаңаша египет пирамидасы тақырыбын таңдап, онда негізіне 4 қақпасы арқылы ойын ұйымдастырдық.
Жүргізуші: Бүгін Мысыр еліне саяхатқа барамыз. Өздерің білетін Египеттегі пирамидалар сырын ашу.
Египеттегі ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арналып салынған. Б. з. д. 200 жыл шамасында. Биіктігі 150м, қазіргі 50 қабат үйдің биіктігіндей. Жер бетіндегі периметрі 1000м, салуға 200жыл уақыт кеткен. Осы құрылыста 100мың адам бір мезгілде үздіксіз жұмыс істеген.
- Міне осы тарих пирамидаға бару үшін мына қақпалардан өту қажет.
1. Тақырыптың көпірі. Сұрақтарға беру арқылы ойынға қатысушыларды таңдау.
Ойынға қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтерсе сол оқушы ортаға шақырылады, 4 - оқушы тандап алынады.

Викториялық сұрақтар,
1. 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойғанда 4 - тен үлкен 5 - тен кіші сан шығады? (үтір)
2. Қандай екі санның көбейтіндісі олардың қосындысынан кіші болады?
3. Қандай екі санның көбейтіндісі мен айырымының нәтижесі өзара тең болады?
4. Кітапқа 100 теңге және оның бағасының жартысын төлеген, кітап қанша теңге тұрады? (200 теңге)
5. Торғайлар бір - бірден бұтаққа отырса бір торғай, ал олар екіден отырса бір бұтақ артық қалады. Бұтақ пен торғайдың саны қанша болады? (4 торғай, 3 бұтақ)
6. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1, 2, 3)
7. Оқушы кешкі сағат 8де ұйықтауға жатады да, сағатты 9-ға шырылдауға қояды. Оқушы қанша сағат ұйықтайды? (1 сағат)
8. Бұрыш өлшейтін құрал? (транспортир)
9. 9 -дан 100-ге дейінгі сандар да қанша 9 саны кездеседі? (20 рет)
10. Сызғыштың төрт бұрышы, егер бір бұрышын кесіп тастасаң оның қанша бұрышы қалады? (бес бұрышы)
1. АРИФМЕТИКА ҚАҚПАСЫ
2. ВИЕТ ҚАҚПАСЫ
3. ПИФАГОР ҚАҚПАСЫ
4. ЕГИПЕТ ҚАҚПАСЫ

Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - деп ойыншыларды ортаға шақырамыз.
Әр қақпашаның сұрақтары дайындалып қойылған. Ойынның шарты бойынша ортаға оқушы таңдаған сұрағына жауап берсе ұпайы өзіне қосылады, жауап бере алмаса қасындағы оқушылар жауап беруге болады. Ұпайы сол оқушыға қосылады. Сұрақты 1қақпада №1 оқушы таңдайды. 2қақпада 2оқушы таңдайды солай етіп жалғаса береді.

1. Арифметика қақпасы.
1) Екі санның қосындысы 8-ге тең айырмасы 2-ге тең көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар.(5-пен3)
2) Жылқыға жем беру туралы есеп:
Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді екен. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді. 3 қадақ - биеге, 2 қадақ - құнандарға, 1 қадақтай басына беріледі. Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?(бие 1, құнан 2, тай 3)
3) 8 күнтізбе 72 теңге тұрады. осындай 12 күнтізбе қанша тұрады? (108теңге)
4) Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр.( 999)

2. Виет қақпасы (жұмбақ шешу керек және жауабын үш тілде айту керек.)
1. Жоқ - өзінде бас та қас та мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш. линейка. aruller)
2. Қабат - қабат қаптама ақылың болса аттама. (кітап. книга. book)
3. Жиырма төрт батыр бірін бірі жеп жатыр. (дойбы. шашкы. a srip)
4. Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы бұл қандай сан Жан жағына қарамай (натурал сан. натуралное число. real)

3. Пифагор қақпасы.
1. Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?(ш: 2х8=16+8+6+6=36=6*6)
2. Оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін цифрлар бар. Ол қандай цифрлар? (1961. 1881)
3. 188 санды әр бөлігінде 100 болатындай етіп 2 бөлікке бөл.(ж.
4. 3 мысық, 3 тышқанды жеуге 1, 5 сағат уақыт жібереді, 10 мысық 20 тышқанды неше сағат жейді.(3 сағат)

4. Египет қақпасы
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)

2. Қос құлақты жүз тісті,
Жүзінен бірақ із түсті. (ара)

3. Доп емес, дөңгелек емес
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізгі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

4. Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы.
Оң теріс сан бәрі осында. (рационал сан)
ҚОРЫТЫНДЫ /Кім көп ұпай жинаса сол оқушы ЕГИПЕТ ПИРАМИДАСЫНЫҢ сырын ашады. МАРАПАТТАУ/ ұпай санына қарай.
5 284
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?
Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз?
Египет пирамидалары қалай тұрғызылғанын біліп келу болып табылады. Біріншіден өз зерттеуімізді Хеопс пирамидасынан бастап көрейік. Біздің сұраққа жауап табуымыз үшін талай дәлелдер табу керек. Дәлел дегеніміз не? Неліктен тарихта олар маңызды болып
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Египетте дамыған ғылыми білімдердің түрлері жайында анықтап біледі.
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
ЕҮОБ, ЕКОЕ ті үйрену сабақта қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Египет пирамидасы
Египет пирамидасы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М - С.Бабажанов атындағы ЖОББМ Математика пәні мұғалімі Габдуллина Гүлнар Серікқызы
Цилиндр
Цилиндр
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Кулекеева Әлия Берікқалиқызы
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Египеттегі ғылым мен мәдениет
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы. Тарих пәні мұғалімі: Есеналин Акылбек Габиденович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×