Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл және оның құрылысы

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Гүл және оның құрылысы
Гүл және оның құрылысы
Гүл - көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Гүлдің құрылысы күрделі.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі, гүлдің дәл ортасында орналасады.
Аналықтың құрылысы
• Аузы
• Мойны
• Жатыны
Аналықтың аузы – өсімдік түріне қарай түрліше домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлінеді, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.
Аналықтың мойны - аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Мойны болмайтын аналық: көкнәр, қызғалдақ.
Аналықтың жатыны – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Жатынның сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді.
Аталық
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі.
Аталық құрылысы
• Тозаңқап
• Жіпше
Жіпше – аталықтың жіңішкерген жері.
Тозаңқап – бір - бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөлігінде 2 - ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп - жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.
Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі. Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 062
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан қайталауға арналған тест сұрақтары
Биологиядан қайталауға арналған тест сұрақтары
Биология оқулығының параграфтары бойынша қайталауға арналған тест сұрақтары (6 сынып)
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Сайм Нина
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология, химия пәні мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін тексеру Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×