Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер.
Мақсаты: а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал жасау. Оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындауын жүзеге асыру.
б) Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін артыру.
в) Оқушыларға биология пәнін оқыта отырып табиғатты сүюге, аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау, пікір айту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бақалар суреті.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Үй тапсырмасын беру
6. Бағалау
Үй тапсырмасына шолу
1. «Менен - сұрақ, сізден - жылдам жауап».
1. Қосмекенділерді зерттейтін ғылым:
2. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар:
3. Мойын омыртқасының саны:
4. Жүрегі неше қуысты?
5. Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері:
6. Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы:
7. Дернәсілінің атауы:
8. Миының қай бөлігі жақсы дамыған?
9. Артқы аяқтарындағы саусақ саны:
10. Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады?

Жаңа сабақ
Тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (көлбақа, құрбақа, шұбар бақа) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Қосмекенділер өмірін суда бастайды, кейіннен құрлыққа шығып, сонда мекен етеді. Қосмекенділер - жерде мекен ететін алғашқы омыртқалы жануарлар. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар; аяқсыз. құйрықты, құйрықсыз қосмекенділер.

Құйрықты қосмекенділер 400 - дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20 - 25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары болады. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында - төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді, сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісулық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген. Құйрықты қосмекенділер дыбыс шығара алмайды және көбіне қоңыржай климатта өмір сүреді. Олардың аяқтары жемтігін аулауға немесе жерде жорғалап жүруге икемді.

Саламандраның денесі кесірткеге ұқсайды. Тіршілігі сумен онша байланысты емес. Солтүстік Америкада тіршілік ететін саламандрада өкпе болмайды. Олар терісі және ауыз қуысының сілекей қабаты арқылы тыныс алады. Қорегі – масалардың дернәсілдері, майда шаянтәрізділер, құрттар, насекомдар. Солтүстік Американы мекендейтін амфиумдар тұқымдасы - ең ірі қосмекенділердің бірі. Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Желбезектер және өкпесі арқылы тыныс алады. Қорегі - моллюскалар, құрттар, насекомдар, сирек балықтар. Сирендердің артқы аяқтары болмайды, алдыңғы аяқтары нашар дамыған. Денелері жыланбалыққа ұқсайды, сырттай ұрықтанады.

Құйрықсыз қосмекенділер. Бұлардың 4000 - дай түрі бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секендеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көл бақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады. Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңіңен таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалы, кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайдасын келтіреді. Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өнірінде таралған, бірақ саны барлық жерде аз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 381
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Өліп біткен қосмекенділер, қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, қосмекенділерді қорғау туралы түсінік алады.
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы
Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы
Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы
Шалқар қаласы, №1 мектеп - гимназия Жоламанова Райса
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×