Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын. Қазақстанның астанасы

06 мам 2015, Сәрсенбі
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы
қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна

Грамматикалық тақырыбы: Буын
Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның астанасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда үндестік заңы туралы түсінік қалыптастыру. Буын түрлерін ажырата білуге үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарды қайталай келіп, сол арқылы тілдерін, ой - өрістерін кеңейту, лексика – грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне сүйіспеншілігін дамыта келе, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
3 – тапсырманы тексеру. Сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанда неше облыс бар?
3. Үлкен қалаларын ата.
4. Сен қай облыста тұрасың?
5. Облыс орталығы қай қала?
ІІІ. Ізденіс кезеңі. Жаңа сабаққа бейімдеу.

1. Орынбор қаласы
1920 - 1922 ж. ж.
Орынбор (1938 — 57 жылға дейін Чкалов) — қала, РСФСР - дің Орынбор облысының орталығы (1934 жыл¬дан). Жайық өзенінің бойында, Сакмар өзенінің Жайыққа құйылысына жақын жерге орналасқан. Самара, Ақтөбе, Орск қалаларына баратын темір жол торабы. Халқы 800 мың адам (1998) болған еді. Орынбор алғашында қазіргі Орынбор қаласының орнына 1735 ж. қамал ретінде салынды, аты да Op өзенінің атына байланысты қойылған. Қазіргі орнына 1743 ж. көшірілді.
Орынбор 1920 — 22 ж. Қазақ АССР - інің астанасы болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлегі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Қала 1930 жыл¬дан жедел қарқынмен өркендеп келеді. Ауыл шаруашылық, медицина, педагогтық институттар, арнаулы орта білім беретін оқу орындары, драма, музыкалы комедия, татар театрлары, филармония, өлкетану және бейнелеу өнері музейлері бар.

2. Қызылорда қаласы (Ақмешіт)
1922 – 1929 ж. ж.
Қызылорда, Ақмешіт — Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы. Сырдария өзенінің (төменгі ағысында) оң жағына орналасқан. Қызылорда 1853 жылға дейін Ақмешіт болып аталып, қоқандық шағын қамал болды. Ақмешіттің салынуы туралы екі ұдай пікір бар. ¬ Оның бірінде Ақмешіт Қоқан хандығының қамалы ретінде 1820 жылдың шамасында салына бастады делінсе, екіншісінде 1817 ж. шамасында, қоқандық қамал Ақмешіт салына бастады делінген. Октябрь социалистік революциясына дейін қала Түркістан өлкесі, Сырдария облысының уез орталығы болды. Революциядан кейін Ақмешіт аты қайтадан қалпына келтірілді де, ал 1925 жылдан бастап Қызылорда атала бастады. 1926 - 1929 жылдары Қызылорда Қазақ АССР - інің астанасы болды. Қызылорда жалпы білім беретін 30 - дан астам мектеп, педагогикалық институт, бірнеше орта арнаулы оқу орындары, Н. Бекежанов атындағы қазақ драма театры, облыстық тарихи - өлке тану музейі т. б. бар.

3. Алматы қаласы (Верный)
1929 – 1997 ж. ж.
Қазақ АССР - інің астанасы (1929 - 1936 жж), ал 1936 жылдан бастап Қазақ ССР - ның астанасы болды. Республикалық деңгейдегі қала. Республиканың саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы, басты транспорт торабы. Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейінің 900 м - ге дейінгі биіктіктегі етегін ала, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан. Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алматы — дүние жүзіндегі ең көгал қалалардың бірі Алматы қаласы – Қазақстан Республикасының мәдениетті және сәулетшілік орталығы. Ол – өте әдемі, көркем, әсем және үлкен қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. Алматы көшелері түзу және кең. Кең көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүріп жатыр. Алматы – елдің спорт орталығы. Алматылықтар мен қаламыздың меймандарына бес стадион, бәйге алаңы, теңіз деңгейінен 1700 м биіктіктегі Медеу мұз айдыны мен аспалы тербелмелі жолдары бар, теңіз деңгейінен 2200 - 2780 м биіктігіндегі аса күрделі шаңғы жолдары бар таудағы Шымбұлақ шаңғы курорты айқара есігін ашады.

4. Астана қаласы (Ақмола)
Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін — Ақмола) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен еліміздің орталығы, астанасы болып тарихқа енді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық презентациясы болып өтті. 1992 жылы қалаға бұрынғы өз атын қайта бергеннен соң Ақмола атала бастаған еді. Қараөткел, Ақмола, Целиноград, Астана қаласы – Қазақстан Республикасының қазіргі орталығы. Сарыарқаның солтүстік бөлігінде, далалық зонада, Есіл өзенінің биік оң жағасында орналасқан. Астанада Ұлттық музей, бірнеше бизнес - орталықтары, аквапарк, этнопарк, Ұлттық кітапхананың бөлімшесі тәрізді мәдени - ғылыми ғимараттар бой көтеріп үлгерді. Мұнда оқу орындары өседі деп күтілуде. Қазірдің өзінде Еуразия университетінде мыңдаған студенттер білім алуда.
1998 жылы қаланың инфрақұрылымын көтеру үшін Астанаға «Гүлдер» мемлекеттік бишілер ансамблі, фольклорлық «Сазген» ансамблі көшірілді.
Парламент және Үкімет үйлері тұрғызылды. Елбасының резиденциясының көк күмбезді ғимараты көз жауын алады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен жиналыстары өтетін ғимаратта бұл күндері алыстан мен мұндалап тұрады.«Интерконтиненталь» және «Финтрако - Комфорт» қонақ үйлері, «Әл - Фараби», «Самал» атты шағын аудандар іске қосылды.

ІV. Сөздік жұмысы
сарай – дворец
қонақ үй – гостиница
кешен – комплекс
ұлт – национальность
жас – молодой (- ая, - ое)
орыс – русский (- ая)

V. Мәтінмен жұмыс
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында төрт астана болды. Бірінші астанасы – Орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы, төртінші астанасы – Астана қаласы. 1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталды.
Мәтін бойынша сұрақтар
1. Қазақстан Республикасында неше астана болған?
2. Бірінші астанасы қай қала?
3. Екінші астанасы қай қала?
4. Үшінші астанасы қай қала?
5. Төртінші астанасы қай қала?
6. Ақмола қаласының атауы қай жылы Астана қаласы болып өзгертілді?

Тапсырмалар
● Қазақстан астаналарының атауларын теріп жазып, буынға бөл. Буын түрлерін анықта.
● Мәтін мазмұнынан 5 жуан буынды сөздерді теріп жаз.
● Астана сөзіне фонетикалық талдау жаса.

VІ. Сергіту сәті
VІІ. Бекіту
1. Сөзжұмбақты шешу
2. Сұрақтарға жауап беру
1. Астананың бұрынғы атауы.
2. Қазақстанның үлкен қалаларының бірі.
3. Астананың символы.
4. Қазақстан Республикасының үшінші астанасы.
5. Алматы қаласының бұрынғы атауы.
6. Қазақстанның мұнайлы астанасы.

VІІІ. Үйге тапсырма
Сөздерді буынға бөліп жазу. Буын түрлерін ажырату.
ІХ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 856
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ еліне саяхат ойыны
Қазақ еліне саяхат ойыны
Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Үлкен қалада
Үлкен қалада
СҚО, Петропавл қаласы, №9 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Насырова Гүлжамал Рашитқызы
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
"Менің қиялымдағы Қазақстан"
"Менің қиялымдағы Қазақстан"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп Есназарова Жанат Мақсаты: Білімділік: тақырыптың мағынасын ашу, сурет салып үйрету. Дамытушылық: танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Ой-қиялдарының шарықтауына
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×