Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ сұлама – емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі

15 мам 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Биология пәні мұғалімі: Бақытқызы Әсел

Сабақтың тақырыбы: Ақ сұлама – емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпжасушалылардың өкілі жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту;
Дамытушылық: Жалпақ құрттардың таралу жолдары, сақтық шаралары, пайда – зияны туралы алған білімін одан әрі қолданып, қосымша ақпарат көздері арқылы ізденіс дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Көпжасушалы жануарлар туралы алған білімдерін қолдану арқылы жалпақ құрттардың өкілдерін ажырата білуге үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, тірек – сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: гельминтология

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Бекіту (кестелер)
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түлелдеу, жаңа сабаққа назар аударту.
Психологиялық дайындық. Мен бүгінге дейін құрттар туралы не білемін? Оқушылардың өз ойын сұрау

ІІ. Жаңа сабақ:
Жалпақ құрттар типі.
Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы - гельминтология деп аталады.
Жалпақ құрттар - екі жақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді, үш қабаттан эктодерма, энтодерма және аралық қабат мезодермадан тұрады. Бұлар паразит құрттар.

Жалпақ құрттар
І. Жалпақ құрттардың жіктелуі
Патшалық: Жануарлар (Животные)
Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные)
Бөлімше: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые)
Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви)
Класы: Кірпікшелі құрттар (Ресничатые)
Отряды: Үштармақты ішекті турбеллярия (Турбеллярия)
Өкілі: Ақ сұлама (Белая или молояная планария)

Кірпікшелі құрттар класы
Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жаопақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттелді. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәр шығару және жыныс мүшелері бар.

Толық нұсқасын жүктеу
9 143
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Көпжасушалылардың өкілдері - жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту. Кірпікшелі құрттар класына жататын өкілі - ақ сұламаның тіршілігі, құрылысымен, тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Жалпақ құрттар жөнінде түсінік беру. Құрттардың кірпікшелі құрт - ақ планария түрлерімен таныстып, олардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын көрсету.
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым – қатынасы.
Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі
Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі
Биология пәні мұғалімі: Бақытқызы Әсел
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×