Білімділер поралы

Қыс қызығы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Амирова Гульмира Догдырбаевна

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, табиғатты аялап, әсемдікті көріп, сезінуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд, қыс мезгіліндегі орман табиғат көрінісі.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, үйрету, сұрақ – жауап, сергіту сәті, д/ойын, тақпақ, қорыту, мадақтау.
Билингвальді компонент: Қыс - зима, аяз - мороз, қар – снег, аққала – снеговик.
Жаңа сөз: Коньки.
Оқу іс – әрекет кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын, амандасып алайық.
- Сәлеметсіңдер ме?

Шаттық шеңбер:
Кәне балалар, шаттық шеңбер құрып, бір – біріңнің қолдарыңнан ұстап, жылы лебіздерімізді тақпақпенен білдірейікші

Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде.
Қуана қарсы аламыз.

Ұйымдастырушылық ізденістік - Балалар мен сендерге өлең оқимын, бұл қай мезгілді білдіріп тұр.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қар омбығып.
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.

- Жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар!
Сұрақ – жауап:
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыс мезгілінің ай аттары қалай аталады?
- Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

- Қыс мезгілінде қандай ойындар білесіңдер?

Сергіту сәті:

Алақай, алақай,
Шапалақ ұрамыз.
Алақай қыс келді.
Қар лақтырып ойнақтап,
Топ – топ алға басамыз.
Айналамыз, айналамыз,
Әсем әнге саламыз.
- Балалар қардың түсі қандай?
- Сендер қарды басып жүргенде қандай дыбыс естисіңдер?

- Ендеше орманға саяхатқа барсақ қайтеді?
- Немен барайық?

- Шанаға дұрыстап жақсылап отырайық Алдымыздан ұйытқып қар боран соғады. Сақ болыңыздар!
(Топты іші безендірілген орман )

Міне орманға да келіп жеттік. Қандай неткен көркем тамаша табиғат. Барлығымыз таза ауа мен терең тыныс алайық.

(Осы уақытта боран соғылған әуеннің даусы естіледі )

- Қар ханшайым: Кім орман тыныштығын бұзған!

- Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Қар ханшайым, біз орманның тыныс - тіршілігін тамашалауға келіп едік.

- Қар ханшайым: Егер сендер менің жүрегімді жылытып, суытпасаңдар мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін!

- Менің мезгілімде келіп қалған екенсіңдер, қыс туралы не білесіңдер!

- Тәрбиеші: Қар ханшайым, біздің балалар
қыс мезгіліне байланысты тақпақтар біледі.
- Кім айтады балалар?
Әділжан: Өстіп міне қар түсті,
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті - үсті,
Балалар жүр жүгіріп.
Әмина: Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалады артта қар алап,
Іздеріңнен қар ұшып.
Сержан: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Қар ханшайым: Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп отыр? Егерде сұрақтарыма жауап бермесеңдер мен сендерді мұзға айналдырып жіберемін!

Тәрбиеші: Балалар қар ханшайымның сұрақтарына жауап береміз ба?

- Ағаш басына назар аударыңдар!

- Балалар, қандай құстар ағаш басында отыр?
- Олар қандай құстар екен?

- Жарайсыңдар балалар!

- Қар ханшайым:
- Мына бұта түбіне қараңдаршы, мұнда бізден жасырынып қандай жануар отыр? Жүні қандай?
Тәрбиеші: - Балалар, біз қоян туралы ән білеміз ғой? Кәне қар ханшайымына ән айтып, би билеп берейікші.

Қар ханшайым: Бұл сұрақтардан сүрінбей өттіңдер!

Олай болса, мен сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақ жасырамын алсендер шешіп көріңдер!

Жұмбақ:
1. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 15 қараша 2018 21:44
Шығарма: Қыс келді
Қылышын сүйретіп қыс келді. Қар жауып, жер беті ағарып, қыстың сәні келді. Қыстың аязы да, жауған қары да, соққан бораны да бұл мезгілге сән береді. Маған қыс мезгілі өте ұнайды. Қыс мезгілінің әрбір сәті қызықты. Себебі Жаңа жылды қарсы аламыз. Бұл күнді барлығымыз асыға күтеміз. Аяз Атаны қарсы алып, тақпақтар айтып, құшағымыз сыйлықтарға толады. Әр адамға қыс мезгілі жақсы көңіл - күй сыйлайды деп ойлаймын
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 16
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 16
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика