Білімділер поралы

Сабырлылық пен ұстамдылық

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Сабырлылық пен ұстамдылық
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: төзімділік, ізгілік, өз сезімдерін басқара білу

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
1. Оқушыларға төзімділік, ұстамдылық және мінез - құлық мәдениеті туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ізгілік қарым - қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Тақырыбы: «Орманға саяхат» Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен, өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, « Өзін - өзі тану» кабинетінен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз.
Сабырлылық пен ұстамдылық. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікірлер #1: 16 қазан 2018 16:55
Сабырлық жайлы мақал - мәтел
Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет.
***
Бір метр мұз бір күнде қатпайды.
***
Келмей жатып қорықпа,
Көрмей жатып торықпа.
***
Кісі үш күннен соң тозаққа да үйренеді.
***
Қара таста тамыр жоқ,
Ұшқалақта сабыр жоқ.
***
Қырқына шыдаған қырық біріне шыдайды.
***
Сабы бос шотпен отын жарма,
Сабырсыз доспен жауға барма.
***
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
***
Сабырсыз бақсы жолда отырып бал ашар.
***
Сабыр түбі сары алтын:
сарғайған жетер мұратқа,
сабырсыз қалар ұятқа.
***
Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,
Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.
***
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
***
Қуантар болсаң – асық,
Мұңайтар болсаң – сабыр тұт.

smile Сабырлық туралы мақал - мәтелдер қарау
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 173
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 171
Роботтар: 2
Ногайбаева Жанат Ескермесовна Naz90
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика