Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

17 қаңтар 2019, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
• Шығарма мазмұнымен таныса отырып, тірек ұғымдарды таба алады.
• Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын анықтайды.
• Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ұсынады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды ажырата алады (метафора).
• Оқушылар мәтін мазмұны бойынша тың идеялар ұсына алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
• А. Байтұрсынұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи сипатын түсіндіре алады.
• Өлең идеясын өз сөзімен тұжырымдай алады.
Бағалау критерийлері: • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
• Әңгіменің мазмұндық тақырыбы мен идеясын ажырата алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
Өлеңнің мазмұнының идеясы мен тақырыбын түсінеді.
• Әдеби - теориялық ұғымды есте сақтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Адамдық тұқымы, көңілін көгерту, қор болған еңбек, диқаншы, садақа, жүндеу, қамыт, жасық, бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, метафора, алмастыру.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Адамдық диқаншысы, Ахмет Байтұрсынұлы, «Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы», қамыт кию, қамшы жеу, сөз маржаны.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ақын өлеңді неліктен «Адамдық диқаншысы» деп атады?
2. Диқаншы деген кімдер?
3. Диқаншы мен «Адамдық диқаншысы» өлеңінің арасында қандай байланыс бар?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
«Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы» мақалы шығарманың негізгі түйіні дегенге келісесің бе?
Алдыңғы оқу: Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпаратпен таныс.
Мысал өлеңдер туралы біледі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Тарих, Өзін - өзі тану, Биология.
Құндылықтарға баулу: «Мəңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалаймын.
3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір - бірінің жақсы мінез - құлық қасиеттерін тани отырып, сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі.
4. Сыныпқа қима қағаздағы «Әдептілік», «Ар - ұят», «Адамдық», «Белгі» сөздерін алғыза отырып, «Сөзден - сөйлем» әдісі арқылы топтарға біріктіремін.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Сыныптық жұмыс. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» тарауы бойынша алған білімдерін «Зымыран сұрақтар» әдісімен қорытындылаймын.
Кері байланыс:«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі жүктеу
28 395
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу;
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 24 қаңтар 2019 22:24
4
Сәкен Сейфуллин: «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман - шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын қорғап, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз - ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды», – деп жазса, ақынның өзі ол туралы:
Адамдық диқаншысы – жолға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың, – деп жырлайды.

Алдына үлкен мақсаттар қойып, соған жетер жолда аянбай қызмет еткен қарапайым мұғалім Ахаңды кейін бүкіл ұлттың ұстазына айналады деген ой сол сәтте ешкімге де келмеген болар...
×