Білімділер поралы

Аяулы әже ардақты ана ару қыз

Аяулы әже ардақты ана ару қыз
Сәлемдесу
- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.

Ата - анаң сенің адам болуың үшін бүкіл өмірін арнады.
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді. (Ғабит Мүсірепов)

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе – бірін - бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе – бірін - бірі асырыңқырап тұрады. (Ғабит Мүсірепов)

Сөзжұмбақ «Анашым»
1. А. Құнанбаевтің анасы кім?
2. Ең жақын адам
3. 14 - наурыз қандай мереке?
4. Қысы жазы бір түсте
5.........- алды ынтымақ
6. Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді. Ақылды бала: «Ай - күнім —…..» дейді.

Ата - ананың қадірі Отбасы – қоғамның негізгі бөлшегі. Отбасындағылар бір - бірінің жеке құқығы мен міндеттеріне қаншалықты құрметпен қараса, қоғам да соншалықты берік болмақ. Ислам діні отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде қарайды. Ұрпақтың жалғасып, олардың баянды өсіп - жетілуі ата - анаға тікелей байланысты.

Жаңа ақпарат.
Адамға ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады. Ата - ана отбасының ұйытқысы десек, бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.

Әрбір бала өз ата - анасын қадірлеп, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса, болашақта өз - өзін танумен қатар, өміріне нық сеніммен қадам басады.

Жұмбақ шешу.
Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?

Ата - ана туралы дана сөздер:
Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтсем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.

Адал жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды, Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата - анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.

Ата - ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана, әке, апа, қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана – жарық дүниеге әкелуші.

Ата - анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы

Балаларға сұрақтар:
- Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
- Анаңның туған күні қашан?
- Үйдегі адам саны қанша?
- Бауырың неше жаста?
- Үйде ыдысты кім жуады?
- Үйді кім жинастырады?
- Таңертең сені кім оятады?
- Әкеңнің туған күні қашан?

Мақалдың жалғасын тап - ойыны
1. Атаға қарап -...
Анаға қарап -...
2. Ананың көңілі балада,...
3. Ата - ананың қадірін...
4. Атаның баласы болма...
5. Баланың жақсысы қызық...
6. Ұядан не көрсе,...
7. Қарағайға қарап.....
Отбасына қарап....
Енді ана жайлы бірнеше бейнеклипке назар аударыңыздар!!!
Қатысқандарыңызға рахмет!!!

Дайындаған: Мирханова Қаламқас
Қатысқан сынып: 6 - сынып
Аяулы әже ардақты ана ару қыз слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Пікірлер #1: 11 ақпан 2019 17:03
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
Жақсы қыз – жағадағы құндыз
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 259
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 257
Роботтар: 2
kenzhebek aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика