Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дамытушы ойындарды өткізудегі әдістемелік ұсыныстар

01 мам 2020, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Дамытушы ойындарды өткізудегі әдістемелік ұсыныстар.

Ойынды қызықты да тартымды өткізу үшін бірнеше қағидалар ойын барысында ескерілуі керек.

1. Бала жетістігіне қуана біліңіз, бірақ асыра мақтамаңыз!
Баланың қызығушылығымен ойналған ойынның ғана өз жетістігі болады. Сол сияқты шығармашылық ойындар әрдайым қызықты, көңілді өтетіндігі белгілі. Ол үшін бала қиялын дамытуға, қызығушылығын арттыруға көмектесуіміз керек. Баламен жұмыс жасағанда ересек пен бала арасында жақсы қарым - қатынас орнау керек. Бала жұмысына қуану - шаттану, мадақтау бала шығармашылығының дами түсуіне әсер етеді. Бірақ, асыра мақтау да балаға зиянын тигізетінін естен шығармауымыз керек, әсіресе үлкен ересек топтарда ескертілуі тиіс. Әр уақытта бала мүмкіндігін көрсетіп, бұдан да жақсырақ жасай алатынына сендіріп отыру керек. Сабақ соңында бала көңіліне күш беру үшін

- Бүгін сен қай жұмысты жақсы қиналмай жасадың?
- Ал қай жұмыста қиналдың?- деген сияқты сұрақ бере отырып, бала қызығушылығын артырып, алға ұмтылуға көмек береміз.

2. Бала ықтиярынсыз күштемеңіз!
Бала қызығушылығын бірсарынды ойындармен жалықтырмаңыз. Сабақ барысында бір ойынды қайталатып ойнату бала қызығушылығын жояды және жалықтырады.

3. Бала үшін жұмыс жасамаңыз, өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеңіз!
Жаттығу кезінде ересек адамдар бала үшін жасап отырудан абай болғаны жөн. Баламен жұмыс кезінде ескерту сөздерді көп қолданбай («жоқ - жоқ!»,»Дұрыс!»,»Осылай!») бірте - бірте арылған дұрыс. Алғашқы жұмыс кезінде бұл сөздердің көмегі болары сөзсіз, баланы аша түседі, қанаттандырады, ұқыптылыққа, зейінді болуға көмегі тиеді. Бірақ жаймен бұл сөздерден бас тартқан жөн. Себебі баланың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жойып аламыз. Айналасына жалтақ етіп тәрбиелеу қаупі бар.

4. Қандай ойыннан бастаған жөн.

Алғашқы кезде бала үшін қиындық тудыратын ойындардан аулақ болуымыз керек. Бұндай ойындар баланы қорқытып, қызығушылығын түсіруі мүмкін. Сол себептен баланың әліне қарай жеңіл ойындар таңдағанымыз жөн. Үлкен адам баланың мінезін, жұмыс жасау қабілетін, әр баланың ерекшелігін білуі керек. Алдын ала қосымша жаттығулар дайындаған жөн. Бала қиялын дамытуға арналған курсты бастамас бұрын алдын - ала дайындалған жоспарға сүйене отырып жасаған дұрыс.

5. Баланың еркіне қарай ойнату.

Балаға бірден жаңа ойын түрлерінен нешеуін ойнатқан дұрыс? Әрине ойын түрлері өте көп, дегенмен олар бір - бірімен байланысты болуы керек. Ойынды таңдамас бұрын шығармашылық жағына мән беріп, қиялының дамуына көңіл бөлу керек. Көптеген ойынды бірден ойнату баланы жалықтырып жіберуі мүмкін. Әрине, болады. Бірақ, оның екеуі балаға таныс ойын болуы шарт. Бұл шартты қатаң ұстауымыз керек. Егер, бір сабақта бірнеше ойын ойналатын болса, ойын шарттары да әр түрлі болуы тиіс. Бұл баланы шаршау мен жалығуға апармайды.

6. Ертегі көмегімен де қиялды дамытуға болады.

Көптеген дамытушы ойындарды қолданғанда ертегі көмегімен де бала қиялын дамытуға болады. Себебі, мектепке дейінгі балаларда ертегімен салыстыру арқылы қиялдауы басым. Сондықтан, дамытушы ойындарды ертегі кейіпкерлерімен байланыстыра отырып, өткізу бала қиялының дамуына, қызығушылығының артуына, ойлау қабілетінің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
«Балдырған» балабақшасы» МКҚК психологы
Калиева Айсауле Максотовна

Толық нұсқасын жүктеу
11 934
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар
Сауат ашу бөлімі бойынша ойындар
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Осы әдістемелік құрал мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің студенттеріне арналған, 3 - 5 жастағы балалардың сюжетті - рөлдік ойындарын кешенді басқаруды модельдеу
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек» (тәрбиешілерге арналған ақыл - кеңестер, ұсыныстар)
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Мектепалды даярлық сыныбына арналған "Дидактикалық ойындар"
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Өзімнің 24 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×