Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: “Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”
Мақсаты: 1. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің ойлана білу, шығармашылық қабілеттері артады.
2. Оқушылардың білім сапасын жақсарту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.

Әдісі: диалогтық сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО технологиясы,
интерактивті әдіс.
Күтілетін нәтиже: 1. Шығармашылық қабілеті артады.
2. Өсіп келе жатқан жеке тұлға жан – жақты дамиды.
3. Білім сапасының артуына ықпал етеді.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакат, түрлі - түсті қарындаштар,
бағалау текшелері.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту. 1. Суреттерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлу, топтастыру. 2. Сәлемдесу.
3. Топ мүшелерін ережемен таныстыру:
1. Тренерге бағыныу
2. Уақытты сақтау
3. Бірін – бірі тыңдау
4. Мадақтау, бағалау
5. Тыныштық сақтау

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: “Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру”
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқындай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі таңда оқыту технологияларының мынадай түрлері бар.

1. Дәстүрлі оқыту
2. Дәстүрден тыс оқыту
3. Дамыта оқыту
4. Деңгейлеп оқыту
5. Сатылай талдап оқыту
6. СТО
7. Үш өлшемді деңгейлеп оқыту
8. Модульдік оқыту технологиясы
9. Ойын арқылы оқыту
10. Проблемалық оқыту
11. Түсіндіре оза оқыту
12. Бағдарлап оқыту технологиясы
13. Тірек белгілері арқылы
14. Білім беруді ізгілендіру технологиясы
15. Интерактивті оқыту
16. Зерттеу - жобалау оқыту технологиясы

I топқа мынадай тапсырма:
Осы технологиялардың ішінде қай технология оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді деп ойлайсыздар? Өз ойларын постер арқылы қорғау. /3 - 5 минут уақыт беріледі/
II топқа мынадай тапсырма:
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім қандай болуы керек деп ойлайсыздар? Өз ойларын постер арқылы қорғау. /3 - 5 минут уақыт беріледі/
III топ тыңдаушы /алған әсерлерін, тиімділігін, жақсы жақтарын айтады/
IV топ бақылаушы /постер қорғаған топтың бағасын береді. Топтың сөйлеу шеберлігіне, анық, нақты айта білуіне, суретінің көркемдігіне, яғни эстетикасына мән береді /
Тренер қорытындысы:

Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.
Инновациялық технология - бұл өзіңіздің әдістемелік жүйең. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген, психология, педагогиканы терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушысының бейнесі мынадай болуы тиіс:
Бастауышты бітірген оқушы бейнесі
1. Білім стандартына сай міндетті мүмкіндігін деңгейдегі біліммен қаруландыру
2. Өз бетінше үйренуді мақсат еткен
3. Өз ойын еркін айта алатын
4. Танымдық күші қалыптасқан
5. Білімге деген қажеттілікті ұғынған

Неміс педагогы А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»- деген.
Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Инновациялық білімді дамытатын;
• Жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;

Бір сөзбен айтқанда әр ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан - жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез - келген ортаның ұйытқысы болу керек.

III. Қорытынды
Соңғы түйін. Инновациялық технологиялардың сабақта тиімді әдістерін пайдалану арқылы, оқушылардың білім сапасының артуына әсері бар ма? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ойларын, ұсыныстарын постер арқылы қорғайды.

Тренер қорытындысы:
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім, бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік.

IV. «Төрт жұлдыз - бір тілек» /сары түсті бетше беру, топтағы адам санына бөлу/
Әр топ таңдаған инновациялық технологияларын жазады. Топ басшылары жұлдыздарын біріктіреді. Тілегіміз – оқушылардың білім сапасын арттыру.
12 402
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×