Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ұстаздық ұстаным

13 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: «Менің ұстаздық ұстаным»
Мақсаты: Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет - ғұрпын, салт - санасын, дәстүрін оқушылар санасына сіңіріп, жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру, олардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін дарыту.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай білімді, тәрбиелі, ар ожданы мол, патриоттық сезімі оянған, еңбекқор, ізденімпаз және бойына басқа да игі қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру – мұғалімнің қолында. Олай болса мен өзімнің осы уақытқа дейін жүргізген тәрбие жумыстары туралы эссемді бес сауал бойынша айқындап беруді жөн көрдім.

Мен кіммін?
Мен Түешиева Меруерт Қуандыққызы 1993 жылдың 18 ақпан күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентінде дүниеге келдім. 1999 жылдың 1 қыркүйегінде Мұнайшы селосындағы №7 орта мектептің табалдырығын аттадым. 2008жылы Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті атандым. 2012 жылдың 20 маусым күні «Бастауыш сыныптың ағылшын тілі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша дипломымды алдым. 2012 жылдың 1 қыркүйек айында өзім білім, тәлім тәрбие алған алтын ұям №7 орта мектебіне жұмысқа орналастым.
Не үшін?
Мен педагогикалық мамандық бойынша 4 жыл білім алдым. Бұл уақыт мені мұғалімдіктің қыр - сырына баули білді. Педагог - балаға білім беруші тұлға ғана емес, сонымен қоса ол – тәрбиеші. Сондықтан мен өз шәкірттеріме біліммен шектеліп қана қоймай, тәрбиеде беретін, педагогикалық шеберлігі мол, әдебі зор, шәкіртіне үлгілі бола алатын тұлға болуым керек.
Мен не үшін оқытамын, не үшін тәрбие беремін?
- Әрбір баланың жеке тұлға болып қалыптастыру үшін;
- Әрбір шәкірт сауатты болу үшін;
- Әрбір оқушы терең сауатты болу үшін;
- Әрбір оқушыны ертеңіміз, еліміздің болашағы үшін оқытамын.

Кімді үйретемін?
Менің мақсатым алдағы әрбір оқушыны үйрету. Табиғи заңдылық бойынша олардың толық үйреніп алуы әр деңгейде болуы мүмкін. Дегенмен әрбір оқушы белгілі бір деңгейде білімді болуы шарт. Мұндай жолға мен бар күшімді салып, қолайлы әдістерді пайдалана отырып жетуім керек. Ұлы ғұлама Әл - Фараби атамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген қанатты сөзіндей қашанда балаға алдымен тәрбие берілуі тиіс. Себебі тәрбиесіз, білімсіз адам әрқашан ел дамуына, адамзаттың өркендеуіне кедергісін келтіретіні хақ. Сол себепті де алдыма келген әрбір шәкіртке сапалы білім мен тәрбие беру менің міндетім деп білемін.

Қалай?
Кез - келген ұстаз оқушыны жан - жақты зерттеген ерекше тұлға. Білім беретін оқушыларын ұстаз – психолог ретінде, педагог ретінде, ата - ана ретінде, қамқоршы ретінде, дос ретінде жан - жақты зерттеп білгені дұрыс. Мұндай зерттеулер мұғалімнің тәрбие мен білім беру әрекетінің әдісін айқындап береді. Менің мақсатым – қандай әдісті қолдансам да оқушының есінде қалатын білім мен санасына жетер тәрбие беру. Осы орайда 6 сыныбыма өткізген алғаш тәрбие сағатым «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» деп аталады. Бұл тәрбие сағатында оқушыларға мемлекеттік рәміздеріміз, елтаңба, әнұран, ту туралы толықтай мағлұмат берілді және оқушыларға рәміздердің авторлары туралы мәлімет жинақтау тапсырылды. Осылайша мен балаларды өз бетінше жұмыс жасай білуге, ізденімпаздылыққа баулыдым. Бұл жасаған жұмыстарымның нәтижесінде балаларға мен елін сүйетін, патриоттық, рухани - адамгершілік, азаматтық - құқықтық тәрбие беріп мақсатыма жеттім. Екінші өткізген «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» атты тәрбие сағаты болды.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы кенті, №7 орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Түешиева Меруерт

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранова Болған Махмутқызы
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×