Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жеріміздің топонимикалық атаулары

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Туған жеріміздің топонимикалық атаулары

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, өй - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне келу, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуды республикамыз мақсат етті. «Білім» мемлекеттік бағдарламасымен география пәнін оқытудың мемлекеттік стандарты талаптарының туындайтын негізгі міндеттерді орындау - басты мақсат болып отыр.

Жалпы білім беретін мектептегі барлық оқушы бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Шығармашылық жұмыспен айналысатын баланың өз бойында туа біткен дарыны болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады. Шығармашылық арқылы ойлауы, қиялдауы, сана - сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады. Осы сатыға жету үшін туған өңіріміздің аумағын жан - жақты зерттеуде дарынды оқушылармен жүргізілетін ғылыми жұмыстардың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Өңіріміздің физикалық географиялық күй жағдайын зерттеп білуде географиялық атаулардың мәнін ашудың маңызы зор.

Дүние жүзі тілдерінде не көп десек, жалқы есімдер көп, оның ішінде жер - су аттары / топонимдер / көп, біздің туған жеріміз де одан кенде емес. Ұлан - байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін өлкеміздің жер - суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Ұшы - қиыры жоқ кең алқапта қазақ халқының негізін құраған ру, тайпалар мал бағумен айналысып, жаз - жайлау, қыс қыстау қамымен ерсілі қарсылы көшіп қонумен жүрді. Сондықтан олар кең даланың табиғат ерекшеліктерін, әр төбенің, әр жыраның өзіндік сипатын жете тани білді және көшпелі өмірлерінде оны жер жағдайын анықтайтын белгі ретінде пайдаланды. Атауды да соған дәл тауып қоя білді, осындай жер - су аттарының өзінен - ақ көп жағдайда ол маңның жер бедерін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен, климат ерекшелігінен, табиғат байлықтарынан мол мәлімет алуға болады

Топонимика - ұзақ ғасырлардың жемісі. Олар халық тілінің негізінде жасалынып, халық тарихымен тікелей қат - қабат байланысты келеді де, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тауып, ерекше қоғамдық мәнге ие болады. Жер - су, елді мекен атауларының қай қайсында болмасын табиғат құбылыстарының, жер бедерінің ерекшеліктері, елдің шаруашылық тыныс тіршілігінің бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихы, әлеуметтік - экономикалық және саяси өзгерістердің жай - жапсарлары тайға таңба басқандай, анық та айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тіршілігіміздің рухани байлығына тән мәдени ескерткіш ретінде ғана құнды емес, бүгінгі таңда да зор мән - мазмұнға ие. Өйткені ешбір қоғам өмірінде, тарих деңгейінде қандай оқиға болмасын жер - су атауларының қатысынсыз болған емес. Олар заман ағымына сай толысып, жаңарып, жаңаша жасарып, қазіргі өмірімізде ерекше қызмет атқаруда. Өйткені жер бетіндегі өзен, су, тау, тас, елді мекендер мен алуан түрлі ірілі - ұсақты объектілердің бәрі де нақтылы есім - атауға ие.
«Топонимика» грек сөзінен аударғанда «топос - жер, орын, ономос - атау» деген мағына береді. Топонимика - географиялық атаулардың шығуын, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы.

Жалпы географиялық атаулар адам баласы үшін қызмет етеді, олардың экономикалық және мәдени әлеуметтік талаптарын қанағаттандырып отырады, географиялық ұғымдарды нақты түсінуге көмектеседі. Географиялық атаусыз халықтардың, елдердің арасындағы байланыс мағынасыз болар еді. Топономист ғалымдардың алдында өте қиын міндет тұр: өйткені географиялық атаулар бұдан мыңдаған жылдар бұрын пайда болды ғой. Қазақ халқының атам заманнан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де кең екенін білеміз. Осы ата мекеніміздегі өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне меншіктелген атаулардың да мыңдап салынатыны белгілі. Сан мыңдаған атаулардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті, тарихы бар.
Жалпы топонимдерді жасаушы және пайдаланушы - халық. Біздің күнделікті тіршілігіміз мекенжайлық қызмет атқарады. Бір қаладан екінші қаланы, бір ауылдан екінші ауылды, таудан тасты, судан суды географиялық атауларсыз ажырату мүмкін болмас.

Жер - су, елді мекендер атаулары айтарлықтай ақпараттық рөл атқарады. Мысалы территориясындағы миграциясы басқа халықтармен қарым - қатынас жайлы тарихи деректер алуға болады. Ал, өзен, көл атауларындағы жан - жануарлар мен өсімдік әлемінен, жер жағдайынан, суының дәмі мен мөлшерінен, түсінен, т. б. көптеген белгілерінен қосымша тағы қанша мәлімет алуға болады десеңізші. Ғасырлар бойы негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халық үшін жер - су, елді мекен атауларындағы мұндай ақпараттық қасиет өте жақсы болған.
Біздің туған жерімізде де зерттеуді қажет ететін көптеген жер - су, елді мекен атаулары бар. Ол атаулар туған жеріміздегі елді – мекен, өзен – көл, тау, сай секілді жер бедеріне меншіктелген географиялық атаулардың шығу төркінін жинақтау, жергілікті халықтың жер - суды атау білгірлігін, бабаларымыздың көрегендікпен қойған топонимикалық атауларының ұлттық ерекшелігін ұғындыру, туған өлкемізге, табиғатқа, және қоршаған ортаға ізгілік қатынасты қалыптастыруда маңызы зор. Туған жеріміздегі географиялық атауларды топонимиканың салалары бойынша былайша топтастыруға болады:

1. Ойконимика - бұл топонимиканың ауыл, елді - мекендердің аталуын зерттейтін сала /Қалияр, Қайыр, Мөңке би, Әбді, Алкелді, Тасқора, Талдықұдық, Құдық, Сералы, Саралжындысу, Ақтан төбе./
2. Зооним - (гректің zoon - жануар) хайуанаттар атымен байланысты жер - су аттары /Жыланды, Бақатай, Шыбындыкөл, Ақсерке, Тайкеткен /
3. Гидроним - (грек - hydor - су) дегеніміз - географиялық атаудың, оның ішінде өзен, көл, көлшік, теңіз, су атауларының қызметін, маңызын, шығу тегін, құрылысын мен тарау шеңберін, дамуы мен өзгеруін зерттейтін топонимиканың бір саласы.
/Сүттікөл, Домалақкөл, Жомарткөл, Ақмолалыкөл, Ұялыкөл,, Қауылжыр, Көксу, Қарабұлақ, Тасбұлақ, Тақыр бұлақ/
4. Метафоралы атаулар - басқа объектілермен ұқсастығына қарай салыстыру теңестіру негізінде алуан түрлі ат қою.
/Шуылдақ, Бескемпір, Қызылеспе, Құмқұдық, Майлысай, Бақшалысай, Құмсай, Жалшоқат, Құмшоқат, Жамантау, Жұмыр, Балтатты, Түктіоба, Үйтастыбұлақ, Бөлек тау, Қарауыл төбе,
5. Эвфемизмге байланысты атаулар - гректің «жақсы айтамын»деген сөзі. Сөздерді сыпайылап, құрмет көрсете айтуды білдіреді. Адамның табиғатқа деген эстетикалық қөзқарасынан, оны қадірлеп, қастерлеуінен және діни сенім, нанымнан, табынудан туған. /Құдайқұл/
6. Фитоним -(гректің phyton - өсімдік ) өсімдіктерге байланысты қойылған атауларды зерттейтін топонимиканың бір саласы./Қарағандысу, Жиде, Жыңғылдыкөл, Миялыкөл, Итжуалыкөл, Талдықұдық.
Қалияр - 1931 - 1942 жылдар аралығында біздің ауылымыздың үстінен өтетін Қауылжыр сайының бойынан баласт, яғни қайыр өндіретін каръер ашылған.

Бұл жерге жан - жақтан жұмысқа адамдар көп көшіп келіп, қоныстанған. Осы каръерде формировщик болып еңбек еткен Сұлупаш әжейдің айтуы бойынша күніге 80 вогон қайырды қолмен тиеп, жан - жаққа жіберіп отырған. Каръерге тілі келіңкіремеген үлкендер қалияр деп айтқан. Осы атауға байланысты ауыл да Қалияр ауылы деп аталған.

Қайыр - Баласт қоры таусылғандықтан карьер жабылады. Бертін келе көзге көрініп тұрған каръердің жоқтығынан болу керек, ауылдың атауы Қайыр болып өзгереді. Бұл атаудың екінші бір себебі, аудан көлемінде қайыры көп жер де осы біздің ауыл болғандықтан осылай аталған.
Мөңке би ауылы - 2004 жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызынан бастап біздің ауылымыз облыс әкімдігі мен мәслихаттың №99 бірлескен шешіміне сәйкес Мөңке би ауылы болып аталады. Артына үш жүз жылдық болжау айтып, қазақтың Настродамусы атанған Шектінің шексіз ойлы пайғамбары Мөңке бидің ұрпақтары осы ауылда көп қоныстанған, осы жер Мөңкенің жері болғандықтан Мөңке би ауылы атанған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 418
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Қай заманда, қандай реформа болсын білім беретін мекеменің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі таңда білім беретін мекемелердің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×