Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар.

Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды.

Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек? Әлбетте, бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Меніңше, бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін жағдайлар жасап, оқушылардың бойында білімді шығармашылықпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу процесінде өзіне қоятын сұрақтарды дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге түрткіні арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам.

Олай болса, оқушының танымдық әрекетін дамыту дегеніміз - білімді меңгеруді байқау, сезу арқылы ғана емес, керісінше, талданып отырған процесті нақты аңғарту арқылы, меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс тәсілдерін үйрету, сол арқылы шеберлігі мен дағдысын арттыру. Мұндай күрделі ой - өрісінің жүйелі қалыптасуында оқушыны білімді шығармашылықпен игеруге талаптандыратын, оның амал, тәсілдерін үйрететін, мектептегі басты тұлға - мұғалім. Солай болғанмен мұғалімнің әрекеті өз оқушыларының тарапынан қолдау тапқанда ғана сабақ нәтижелі болмақ. Қазіргі заманғы мұғалім - бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен, яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады.

Қазіргі заманғы педагогтың, айрықша шеберлік белгілері:
• ұдайы өзін - өзі жетілдіру;
• өзіне - өзі сын тұрғысынан қарау;
• білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен, білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес.
Қазіргі заманғы мұғалім үшін ешқашан да қол жеткен межеде қалып қоймай, қайткенде де алға қарай ұмтылуы өте маңызды. Өйткені мұғалім еңбегі - шексіз шығармашылық үшін сарқылмас қайнар, сондықтан қазіргі заман мұғалімдерінен іздену мен жаңа технологияларды мейлінше кеңінен қолдану қажеттілігі туындап отыр.

Сабақ - бұл логикалық аяқталған, біртұтас, анықталған шеңберде шектелген оқу - тәрбиелік үдерістің кесіндісі. Онда оқу үдерісінің негізгі элементтері: мақсаттары, міндеттері, түрлері, құралдары, мұғалім мен оқушының қарым - қатынас іскерлігі тығыз байланыста болады.
Сабақ сапалы өту үшін, оның жоспары дұрыс құрылуы қажет.

Сабақтың негізгі компоненттері
• 1. Ұйымдастырушылық - сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
• 2. Мақсаттылық - оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
• 3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
• 4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым - қатынас деңгейі.
• 5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т. с. с. материалдарды таңдау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.
Компьютерлік сауаттылық
Компьютерлік сауаттылық
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал таңдау сабағында негізгі сабақта аяқтай алмаған ұғымдар, түсініктер тереңірек ұсынылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×