Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
ЭССЕ
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

Ұрпақ тәрбиесі ұстаздан бастау алатыны белгілі. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуі, бәсекеге қабілетті саналы тұлғаны қалыптастыруы тек қана ұстаздың берген білімімен бағаланады.
Бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы ретінде мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

«Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп А. Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» деген еңбегінде бала бойына білім нәрін себетін ұстаздың орнын ерекше атап көрсеткен. Демек, білім ордасы мектеп болса, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім.

«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген елбасы Н. Ә. Назарбаев. Өйткені ХХІ ғасыр жан - жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Мұғалім, Ұстаз атауы кім - кімнің де болса жанына жақын, өзгеше ыстық. Мен де ұлы жолға апаратын мұғалімдік мамандығын таңдағанмын. Соның ішінде сөздің киесін танып, өмірге рухани азық беретін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің маманымын.
Қазақ тілі оқытушысының басты міндеті - сөздік қорларын молайту, қоғамның дамуымен пайда болған жаңа атаулар мен ұғымдарды келешек өмірлік қажетіне жарату. Осыған байланысты қазіргі заман талабы – тілді мамандыққа сәйкес оқытудың білімдік мазмұны мен әдістемесін жаңарту, қазақ тілі оқу үрдісін жетілдіру, оның әдіс - тәсілдерін дамыту. Сондай - ақ лексиканы меңгертуде жаңа терминдерді анықтау, таңдау, сұрыптау нәтижесінде оларды оқушыларға жеткізудің тиімді жолдарын іздестіру.

Бүгінгі мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады: 1 - кезең – оқып үйрену; 2 - кезең – меңгеру; 3 - кезең – өмірге ендіру; 4 - кезең – дамыту.
Бәсекеге қабілетті мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар, әлсіз тұстарын жетілдіру үшін озық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар көшінен қалмай, үнемі ізденісте болады. Өйткені мұғалім өзін - өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету қазіргі жаңаша білім берудің тірегі. Мұғалім өздігінен білімін дамытуда жеке тұлғаның өз белсенділігі арқылы бірте - бірте күрделенген міндеттерді шешуші, сол арқылы оның рухани өсуін қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Ғұлама ғалым Әл - Фараби өзінің «Логикаға кіріспе» деп аталатын трактатында логика өнері сананы әркез қастерлеуден сақтандыратынына, дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып, олар саналы қорытынды жасауда адастырмайтындығын айтқан.
Шығармашылық ойлау арқылы өзінің даралығын кәсіби деңгейін оны ары қарай шыңдаудың жолдары арқылы жаңашылдыққа жетеді.
Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін ойлап табады.
Білім беру технологиясында оқушылардың ақыл - дамыту, білім - білік дағдарысын, ой - өрісін жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

Болашақта өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой - пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында десек, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындау біздің қолымызда. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру – әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Өйткені, ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.
5 781
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім.
Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.
Шынықсаң шымыр боласың
Шынықсаң шымыр боласың
Мұғалімдер арасында өткен қалалық спортакиадасының салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс - шараның сценарийі
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Бұлақ көрсең көзін аш
Бұлақ көрсең көзін аш
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Динара Қабланқызы
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Мемлекеттің білім саясаты ең алдымен мектептер арқылы жүзеге асатыны айдан анық. Оның ішінде заман талабына сай педагогика, психология теориясын меңгерген, өмір тәжірибесі мол, ізгі, іскер, шығармашыл педагогтардың атқаратын рөлі ерекше.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×