Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Критериалды бағалау – оқушы білімін бағалаудың сапалы көрсеткіші

06 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№7 негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баяқова Қуаныш Темірбекқызы

Ешкім де өзіне – өзі баға беруді үйренбей тұрып, басқаларды бағалай алмайды (И. Гете)

Білім – қоғамды әлеуметтік - мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген[1]. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр.

Соңғы жылдары ауылдық жердегі оқушылардың оқуға ынтасының, қызығушылығының төмендеуі байқалады. Оқушының оқу - білімге ынтасының төмен болуы, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктері анықталмай нәтижелі оқу болмайтыны баршамызға белгілі. Оқушы білімін бағалау білім сапасын көтерудің ең маңызды факторы болып табылады. Бағалау жүйесіне неліктен өзгеріс керек? Соңғы жылдары дүниежүзінің көптеген мемлекеттері білім беру жүйесінде оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесін қайта қарауда. Себебі бағалау жүйесіндегі өзгерістер - білім беру саласындағы басты бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жаңа қадам - критериалды бағалау болып табылады. Қазір критериалды бағалау туралы көп естиміз және мектептерде эксперимен ретінде сынақтан өткізілуде. Кез - келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу - танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерилермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс.
Отандық білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі - заманауи тез өзгермелі қоғамда оқушыларды жан - жақты дамытумен бірге білімді өзгермелі өмір жағдайында пайдалана білудағдысын қалыптастыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 512
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»
Баяндама «Ұрпақ тәрбиесі - баршамызға ортақ»
Адам тәрбиелеу ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш - білім.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәнінің мұғалімі Акашаева Л. С
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
№6 жалпы білім беретін орта мектебі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі: Батимова Гүлжайна
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×