Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

06 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үстінде пайдалану үшін, әр бір мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат - мүдесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.

Технология - әдістеме.
Әдіс дегеніміз - білім берудің теориясы
Тәсіл дегеніміз - іс, меншікті іс. Тәсілдердің элементтері амал жолдары.
Оқыту әдісі дегеніміз - мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсіл. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұсынады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс - тәсілдерді таңдап алып қарастырғалы отырмын.

1. Бағдарламалап оқыту технологиясы.
2. Ойын арқылы оқыту технологиясы.
3. Дамыта оқыту технологиясы.
4. Түсіндіре оза оқыту технологиясы.
5. Модульдік оқыту технологиясы.
6. Өздігінен даму технологиясы.
7. Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы.
Бағдарламалап оқыту технологиясы
(Б. Скипер, Н: Крауер, В. П Беспалько)

Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарлама оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.
Ойын арқылы оқыту технологиясы

• Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру мақсатқа жету. Ойындық іс - әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап - талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді
• Дамыта оқыту технологиясы.

(Д. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов)
Баланы оқыта отырып жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін, кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үдерісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы
(С. Н. Лысенкова)
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалдардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы, бағдарламаның кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, екінші орта оқитындар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады. Бірте - бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек ынтымақтастық қарым - қатынас, оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау. Үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі. Білім, білік дағдыны дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.
Модульдік оқыту технологиясы
(В. М. Монахов)

Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.

Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмалар беріледі. Өздігінен даму технологиясы
(М (М. Монтосорри).

Баланы жан - жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек.
Сонда бала өзін - өзі дамытады. Монтессори педагогиканың ұраны баланың мұғалімге:
“мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету.

Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясының психологиялық негізі болып табылатын теория – Л. С. Выготскийдің “оқыту процесінде білім алушының ақыл - ойының дамуы “актуалды даму” аймағынан “жақын арадағы даму” аймағына ауысу “ теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1 - деңгейден өнімді іс - әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс - әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс - әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В. П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі:
бірінші деңгей -“міндетті, білім алушылық”,
екінші – алгоритмдік,
үшінші – эвристикалық және
төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау

1 – деңгей
Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
1 – деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2 – деңгей
Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3 – деңгей
Өз бетінше жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4 – деңгей
Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі. Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір - бірінен
қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.

• Жеке тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А. В.) оқу - тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:
• - жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);
• - білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс);
• - оқытудың жағдаяттығы ұстанымы (құзыреттілік бағдарланған тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу).
• Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:

• қарым - қатынастық әрекет;
• шығармашылық әрекет;
• баланың жеке дамуын қолдау;
• баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.
• Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады: 1)
• сыныпты дифференциациялар арқылы «жоғары - орташа - төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу; 2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау. Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау.

1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Математика пәні - оқушының абстрактілі ойлауын, ой - өрісін дамытатын нақты ғылым. Оқушының интеллектуалды қабілетін, дарындылығын дамытуда математиканың үлесі үлкен. Ақпараттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне бөлінеді. Егер ақпараттар ағымы екі жақтылы болса, В. Гузеев ондай режимдегі сабақты интерактивті деп атаған. Оқыту үрдісінде дамыта оқыту технологияларын қолдану, яғни интерактивті режимдегі сабақтарды ұйымдастыру оқушының шығармашылық және интелектуалдық белсенділігін дамытудың бір факторы болып табылады. Сол себептен математика сабақтарын жоспарлауда оқу бағдарламасындағы ақпараттар(түсініктер, ұғымдар, ережелер, т. б) ағымын коммуникативті жоспарлап, сыни ойлаудың жобаларын пайдаланған жөн.

Ал оқытудағы сыни ойлау стратегияларына оқу үрдісіне қатысушылар арасындағы ой бөлісу, ақпараттар алмасу қатынастары( Лингвистикалық, паралингвистикалық) жүйесіне әңгімелесу, пікірталас, дебат, ой жекпе - жегі түрлерін жатқызуға болады. Сондықтан мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде оқып үйренудің тиімді, оңтайлы жолдарын анықтау, оқушы үшін маңызды жағдайларды шеберлікпен ұйымдастыру оқушының өз іс - әрекетіне сыни ойлауын, логикалық ойлауын, іскерлігін қалыптастырады. Мұғалім оқушының белсенділігі мен танымдық іс - әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда топпен жұмыс істеу және жұппен жұмыс кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, не қателігін мойындауға, не қателігін көрсете білуге, оныменен пікірлесе отырып, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Сол арқылы оқушыда өз білімін бағалау және бақылау дағдысы меңгеріледі.

3. Бұл бағалауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік бағалау.( Бұл бағалауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады). Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті.

4. Үстіміздегі ғасыр - жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Осы тұрғыдан оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан - жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиалық құралдар және интерактивті тақта көмегімен болмақ. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады. Ақпараттық сабақта бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Математика сабағында компьютерді қолдану ережелер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Сабақтарды жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясын бастадық. Жобалау технологияның маңыздылығы - оқушылардың әр салада алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ж

5. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы, Ч. Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен. Дарын өкілдерінің қуат - қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие.
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.
1. Ой - өрістің жоғарылығы.
2. Академиялық табыс.
3. Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту.
4. Көркемдік әрекет
5. Қатынас және белсенділік.
6. Қозғалғыштық.

Мұғалімнің білімді игертуі. Түпкі нәтижеге жету жолында білім мен тәжірибені ұштастыра білуі керек. Жалпы мектеп үшін қазіргі балаларды даралап саралап оқыту әдістері қойылуда. Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4 - ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Осы жерде мұғалімге үлкен міндет жүктеледі: мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тестік формада тапсырма беруде де зерттелуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
21 042
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Қай заманда, қандай реформа болсын білім беретін мекеменің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі таңда білім беретін мекемелердің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтарда қолданатын «50 әдіс - тәсіл» түрлері
Сабақтарда қолданатын «50 әдіс - тәсіл» түрлері
Сабақтарда қолданатын «50 әдіс-тәсіл» түрлері
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С.
Портфолио
Портфолио
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н. С. Манаев орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызының портфолиосы
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×