Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


В.С.Аванесовтің тест тапсырмаларының формалар үлгілерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану жолдары

16 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қосбармахова Руза Ақсырғақызы

В. С. Аванесовтің тест тапсырмаларының формалар үлгілерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану жолдары

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу және дамыту бүгінгі білім жүйесін реформалаудың басым бағыттарының бірі екендігіне күн санап көз жетіп келеді. Осы ретте тестология саласының жетекші маманы В. С. Аванесов оқушылардың алған білімінің сапасын бағалау жүйесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын өткізудің төмендегідей озық үлгілерін ұсынады:

1. Бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар
2. Ең дұрыс бір жауапты талап ететін тапсырмалар
3. Бірнеше дұрыс жауапты талап ететін тапсырмалар
4. Ашық формадағы тапсырмалар
5. Сәйкестікті табу жөніндегі тапсырмалар
6. Дұрыс реттілікті белгілеу тапсырмалары
7. Тестік формадағы тапсырмалар жүйесі

1. Бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар
Бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар салыстырмалы түрде қарапайым, үйреншікті және білімді автоматтандырылған тестілеу жүйесінде сынақтан өткізуге ыңғайлы. Мұндай тапсырмалардың бірінші кемшілігі дұрыс емес жауаптардың есте сақталып қалу мүмкіндігінде, екіншісі дұрыс жауапты жорамалдап табуға болатындығы. Бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмалар мына түрлерге бөлінеді: екі, үш, төрт, бес, және алты жауабы бар тапсырмалар.
1. ҚАРАТПА СӨЗДІҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН « О» ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЫ ОДАН ҮТІРМЕН
1) бөлінеді
2) бөлінбейді
2. МАҒЫНАСЫ ҚАРАМА ҚАРСЫ СӨЗДЕР
1) синонимдер
2) антонимдер
ДЕП АТАЛАДЫ
3. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ОРЫН ТӘРТІБІ
1) болады
2) болмайды (дұрыс жауаптың номері дөңгелектеп белгіленеді)
2. Ең дұрыс бір жауапты талап ететін тапсырмалар
Тест тапсырмасының бұл түрін мұғалімдердің көпшілігі қолдай бермесі анық. Өйткені, берілген жауаптардың ішінде ең дұрыс жауапты іздеуге итермелейді. Әрине, қалған жауаптардың да әр түрлі шамада дұрыс екені ескеріледі. Мұндай тапсырма құрастыру оңай емес, бірақ қолдан келетін нәрсе. Мұндай тапсырманың түрі оқушылардың ізденіске, кеңірек ойлануға итермелейді. Егер бір дұрыс жауапты таңдауды талап ететін тапсырмаларды шешуде «жорамалдап табу» мүмкіндігі болатын болса, тапсырманың бұл түрінде, біріншіден, «жорамалдап табу» мүмкін емес, екіншіден, мұндай тапсырмаларды шеше білу оқушының дайындық деңгейі «ең төменнен» әлдеқайда жоғары екендігін дәлелдейді. Бұл тапсырмада нөл немесе кері баға беруге негіз жоқ, өйткені барлық жауаптар жартылай дұрыс. Сондықтан толығымен дұрыс жауапқа екі балл, ал кез келген басқасына бір балл беруге болады. Нөлді ешқандай жауап берілмеген жағдайда ғана беруге болады. Сынақ тапсырушыларға арналған нұсқаулық былай жазылады: «Ең дұрыс жауаптың нөмірін шеңбермен қоршаңыз» деген нұсқаулық беріледі. Мысалы:
1. ҚОСЫМША ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫН БЕЛГІЛЕ
1) жұрнақ, жалғау
2) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші
3) көптік, септік, жіктік, тәуелдік

2. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН КӨРСЕТ
1) бастауыш, баяндауыш
2) толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
3) бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

3. САН ЕСІМ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ РЕТТЕ БӨЛІНЕДІ
1) есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім
2) есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, жинақтық сан есім,
топтау сан есімі, бөлшектік сан есім
3) реттік сан есім, болжалдық сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім,
топтау сан есімі
4. СӨЗДЕР БІР БІРІМЕН
1) жалғаулар арқылы
2) септеуліктер және жалғаулық шылаулар арқылы
3) Дауыс ырғағы, орын тәртібі жалғаулар арқылы, септеуліктер және жалғаулық шылаулар арқылы
БАЙЛАНЫСАДЫ.

5. СӨЙЛЕМ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ
1) Жақты және жақсыз
2) толымды және толымсыз, жалаң және жайылма, атаулы, жақты және жақсыз
3) жалаң және жайылма
4) жалаң және жайылма, атаулы, жақты және жақсыз БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.

3. Бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
В. С. Аванесовтің пікірінше, тестілеу тәжірибесі үшін ең тиімдісі бірнеше дұрыс жауап үлгісі бар тапсырмалар болып табылады. Сынақ тапсырушыларға арналған нұсқаулық былай жазылады: «Сіздердің назарларыңызға бір, екі, үш, және онан да көп дұрыс жауабы болуы мүмкін тапсырмалар ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптардың нөмірлерін шеңбермен қоршаңыз»
ЕСІМДІКТЕРДІҢ МЫНАДАЙ ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ:
1) жіктеу
2) негізгі
3) өздік
4) туынды
5) сілтеу
6) белгісіздік
7) болжалдық
8) сұрау

Толық нұсқасын жүктеу
3 946
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т. б. танып - білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы № 5 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Майра Мұқтаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×