Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын элементтерін сабақта тиімді пайдалану арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту

24 шілде 2015, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қостанай облысы, Рудный қаласы,
"№10 мектеп - гимназиясы"КММ – нің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Кужамратова Жансауле Ролифовна

Әдістемелік тақырыбым: Ойын элементтерін сабақта тиімді пайдалану арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту.

Мақсаты – Ойын арқылы оқушылардың білім - білік, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тілді үйренудегі ойынның мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың білім - білік, сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Оқытудағы ойынның міндеті:

* Білім деңгейімен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу
және тәрбие ұштасады.
* Ойнап отырып, жаңа білімді меңгереді.
* Танымдық қызметі мен ой - өрісі кеңейеді.
* Оқушының өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамиды.
* Оқушыларды адамгершілікке бір - бірін сыйлай біліп, көмектесуге үйретеді.

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:

• Ойын барысында оқушының ой - өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым - қатынас жасауға үйренеді, көңіл - күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.

• Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.

Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын.
Қандай әріп жоқ?
Сөзжұмбақ
Не артық?

Фонетика саласы бойынша: 1. (ә, ы, ө); 2. (і, ң, ғ); 3.(қ, ү, ұ). Сонда қай топ бұрын және көбірек сөз жазса, сол топ озады. Оны топтың ішінен бір - бір оқушыдан шығарып, тақтаға жаздырамын. Ойын таңдағанда тақырыпқа сай ойындар алынады.

«Жылдың төрт мезгілі» ойыны: Жылдың төрт мезгілі орманда кездеседі. Амандасып, бір - бірінен хал сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы «Жаз», «Көктем» және «Қыс» сөздерінің ерекшеліктерімен мақтанады. Мысалы, қыс:
- Мен – қыспын. Ең суық, қаһарлы мезгілмін. Үш ай – желтоқсан, қаңтар, ақпан айында күнді суытып, қарды жаудырамын. Өзендерді, көлдерді қатырамын. Сол кезде қандай мереке бар екені айтылады. Жаңа жыл. Оқушылардан «Қыс» туралы қандай тақпақ, өлең, жұмбақ білетіндері сұралады.

«Буын» тақырыбына ойын былай өткізіледі: «Ойлан, тап!».
• Бір буынды тұйық буынға мысал келтір (ат, ет, ант, өрт).
• «та» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла (баста, аяқта).
• «Т» әрпінен басталып, «т» әрпіне аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір (төрт, торт).
• «Б» әрпінен басталатын екі буынды құс аты және аң аты (бұлбұл, бұғы)

Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны.
1. «А» әрпінен басталатын қала аттарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола....(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінің сұрау).
2. Тек қана (а, е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) бала, тамаша, қараша,..., (ы) ыдыс, ыстық, қырық, мысық, сызғыш,..., (е) ертең, керек, сен, кеше....
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ, көк,...
4. «Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
1. р, о, б (бор);
2. а, ш, а, ғ (ағаш);
3. п, е, т, м, е, к (мектеп);
4. о, ш, ы, қ, у (оқушы);
5. н, ы, п, ы, с (сынып).

Лексика саласы бойынша (Кім тапқыр?) ойыны.

Ішінде антоним сөздері бар мақал - мәтелдер тауып жазыңдар.
1. Үйдің... -... қыс түскенде білерсің. (ыстық - суығын)
Кімнің... -... екенің іс түскенде білерсің. (дос - қас)

2. Ашу –..., ақыл –.... (дұшпан, дос)
3. Ақылдан жақын... жоқ. (дос)
Ашудан жаман... жоқ. (жау)

Морфология саласы бойынша «Кім тез тауып оқи алады?» ойыны.
Төмендегі сөйлемде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1. Біз сабағында математика неше түрлі есеп шығарамыз.
2. Сабағы кеше сурет болды.
3. Дене тәрбиесі спортзалда сабағы өтеді..
4. Отыр сабақта 25 оқушы.
5. Әкелдік кітап, дәптер, күнделік, қалам сабаққа біз.

Қорытынды: Қорыта келе айтарым, білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А.Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
3 102
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Үнемі білім жетілдіру және жаңалыққа ұмтылу
Үнемі білім жетілдіру және жаңалыққа ұмтылу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Тұрсынхан Айтжанова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қасымбаева Бибігүл Шарапқызы
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Г. Х
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану негізінде, оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану негізінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Астана гуманитарлық колледжінің информатика пәні мұғалімі Мухамедиева Шайнұр Қаленқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×