Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика сабағында пәнаралық байланыстарды қолдану

27 қазан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Математика пәнінің мұғалімі
Танжанова Майгүл Қабдоллақызы

Математика сабағында пәнаралық байланыстарды қолдану
Пәнаралық байланыстар дегеніміз - жаратылыстану - математикалық цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт. Математикалық ерекшеліктердің арқасында ол үшін пәнаралық қатынастардың жүзеге асырылуы өмірмен тәжірибенің, оқытудың байланысының қағидасы талаптарының бірі болып саналады. Математиканы оқытудың мақсаттарының бірі, бұл оқушыларда диалектика - материалистік дүниетанымының қалыптасуы, мұнда оқушылардың нақты әлемді, диалектикалық өзара байланыс құбылысын түсінуге мүмкіншілік берудегі пәнаралық қатынас басты рөл атқарады. Оқушыларды диалектика - материалистік дүниетанымға тәрбиелеуіне математика сабағында физика, химия ғылымдарымен байланысты есептер шығаруы көп көмек көрсетеді. Мұндай есептерді таңдағанда және шешкенде математика сабағында оқушылардың математикалық дайындығын ескеру қажет.

Пәнаралық қағидаларды жүзеге асыру оқу бағдарламаларынан басталады. Сондықтан алдағы уақытта осы теориялық зерттеулерді іс жүзіне асыру бағытында жұмыс жүргізілуі керек, ол үшін:
• оқу пәндерінің жаңарған мазмұнындағы байланыстыра оқытуға болатын неғұрлым маңызды, өзекті тақырыпты айқындау;
• оқу пәндерінің құрылымдық логикаларын осы пәндердің өзара байланысы тұрғысынан қарап, қажетті түзетулер енгізу;
• курстардағы өзара байланыстыра өтілетін тақырыптарды уақыт бойынша жүйелеу қажет. Енді атап айтқанда математика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыратын болсақ, қазіргі заманда кез келген пәнді тиімді оқыту үшін компьютерлік техника маңызды рөл атқарады және информатика курсы математика курсымен тығыз байланыста.

Технология, сызу пәндерімен байланысы

Фанерден өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын тікбұрышты параллелепипед түріндегі ашық қорап жасау керек. Қорапты жасау үшін қанша фанер керек? Оның көлемі қандай болады?

Технология, сызу пәндерімен байланысы
Ұзындығы 25 м, ені 6 м және тереңдігі 3 м тікбұрышты параллелепипед пішіндегі бассейн салу үшін котлован қазылды. Ол үшін қанша куб метр жер алыну керек?

Аквариумнің өлшемдері 80 см, 45 см, 55 см. Су деңгейі аквариумнің жоғарғы шетінен 10 см төмен тұруы үшін қанша су құю керек?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есмурзаев Бауыржан Қуанышбайулы
Математика сабағында ойын есептерін пайдалану
Математика сабағында ойын есептерін пайдалану
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің Математика пәнінің мұғалімі Утеулиева Алма Нәсіпқалиқызы
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану
Математика сабағында көрнекі құралдарды қолдану
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар
Математика курсын оқытудағы пәнаралық қатынастар
Пәнаралық қатынастар ұғымына сипаттама берілген, ғылым аралық қызмет түрлері көрсетілген, жаратылыстану-математикалық цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты қалай жүзеге асыру айтылған, математика пәнімен информатика және физика пәндерінің
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талаптар
Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талаптар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы №266 мектеп-лицей Есқалиева Гүлнұр Бақытбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×