Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыйымдылық және көлем ұғымдарын оқыту

20 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қызылорда қаласы,
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің
математика пәні оқытушысы Гүлжанат Сәрсен

Сабақ жоспары
Пәні: Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылық және көлем ұғымдарын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: көлем, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытудың міндеттерін және әдістемесін таныстыру, практикалық жұмыстарды орындай алу, тақырыптар бойынша берілген есептерді шығару әдістемесін үйрету;
ә) тәрбиелік: оқушыны сауаттылыққа, дәлдікке, реттілікке, есепті өмірмен байланыстыра білуге үйрету, бастауыш сынып оқушысы алдындағы жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу, көпшілікпен бірлесе жұмыс істеуге баулу;
б) дамытушылық: оқушының математикалық ойлауын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын, математикалық тілде сөйлеу шеберлігін арттыру;
в) кәсіби: болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде тақырыпты толық түрде оқушыға меңгерте алу білігін, оқушымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Лекция сабақ
Сабақтың көрнекілігі: «Математика. 3-сынып» үшін көрнекі плакаттар. Абдикомпани, 2005, тапсырмалар парақшалары
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қозғау, талдау, түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс, салыстыру, сәйкестікті табу

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бантова М. А.Бельтюкова Г.В. Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі. А, «Мектеп» 1978 ж.
2. Оспанов Т.Қ. Құрманалина Ш. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. А, 1996 ж.
3. Оспанов Т.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. А, «Атамұра» 2005 ж.
4. Ә. Ақпаева, Л. Лебедева. Математика. 3-сынып. 2-бөлім. Алматыкітап, 2010

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә) дәрісхана тазалығын, бордың, сулы сүрткіштің болуын қадағалау;
б) сабаққа назар аударту, сабақ мақсатын көрсету:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – бастауыш сыныпта оқытылатын шамалардың бірі – сыйымдылық және көлем ұғымдарының оқытылу әдістемесін таныстыру, тақырып бойынша практикалық дағдыларымызды жетілдіру, бастауыш сынып оқушысына сыйымдылық, көлем, олардың өлшем бірліктері бойынша жұмыстар орындатуды үйрену
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
а) «Артық фигураны тап» (ой қозғау, салыстыру)
Қорытынды: мұнда артық фигура – текше, себебі ол көлемді фигура, қалғандары жазық фигура.
ә) 3 литрлік және 7 литрлік ыдыстарды қолданып, 5 л суды қалай алуға болады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
• Сыйымдылық және көлем ұғымдары
• Сыйымдылық пен көлемнің өлшем бірліктері
• Сыйымдылық пен көлемнің өлшем бірліктері арасындағы байланыс (тәжірибелік жұмыс)
• Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемдерін табу ережелері

ІҮ. Жаңа тақырып бойынша практикалық тапсырмалар орындау:
1. Оқулықпен жұмыс:
а) Тапсырма: Көлем және сыйымдылық ұғымдарымен байланысты тақырыптарға оқулық бойынша талдау жаса, дәптерге жаз:
• Қандай тақырыптар берілген, қай беттерде?
1) 81-тақырып. Көлемді фигуралар. 4-бет. Жаңа тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 1
2) 102-тақырып. Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы. 51-бет. Жаңа тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 3
3) 104-тақырып. Дене көлемі. 57-бет. Жаңа тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 3
4) 105-тақырып. Көлемнің өлшем бірліктері. Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу. 61-бет. Жаңа тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 4
5) 106-тақырып. Көлемнің өлшем бірліктерінің арақатынасы. 64-бет. Жаңа тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 5.
6) 163-тақырып. Периметр. Аудан. Көлем. 182-бет. Тақырыппен байланысты тапсырмалар саны – 1.
ә) Математика. 3-сынып. 3-тапсырма. 59-бет

• Тапсырма: кесте бойынша есептер құрастыр және төмендегі сұрақтарға жауап бер:
1 бөшкенің сыйымдылығы Бөшкенің саны Жалпы сыйымдылығы

Бірдей---------------6 бөшке -----------------------80 л
? ---------------------- бөшке ------------------------300 л
• Тапсырманы орындауы үшін оқушы нені білуі, не істей алуы керек? Тапсырманы орындаған соң оқушыда қандай білік, дағды қалыптастырылады?
б) Математика. 3-сынып. 4-тапсырма. 62-бет
• Тапсырма: Есепті шығар және төмендегі сұрақтарға жауап бер:
Егер ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м болса, хауыздың көлемі қандай?
Осы хауыз түбінің ауданын есепте.
Хауыздың бүйір қабырғаларының аудандарының қосындысын есепте.
• Тапсырманы орындауы үшін оқушы нені білуі, не істей алуы керек? Тапсырманы орындаған соң оқушыда қандай білік, дағды қалыптастырылады?
2. Тәжірибелік жұмыс:
Оқушыларға түрлі текше қолдарына беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын өлшеп, оның көлемін есептеп табады.
Нәтижесі: оқушылар алған теориялық білімді (текшенің көлемін табу ережесін) іс жүзінде қолданып үйренеді, қорытынды шығара алады.
3. «Сәйкестікті тап» тапсырмасын орында және төмендегі сұрақтарға жауап бер:
Текшенің берілген қырларының ұзындықтарын оның бір жағының ауданымен және текшенің көлемімен сәйкестендір.
Бір жағының ауданы----------------Қыры ---------------- Көлемі
• Тапсырманы орындауы үшін оқушы нені білуі, не істей алуы керек? Тапсырманы орындаған соң оқушыда қандай білік, дағды қалыптастырылады?
4. Шамаларды оқытуға байланысты тест жұмысы орындалады.
1. Шамаға жатпайтын ұғым:
А) литр
В) аудан
С) ұзындық
Д) масса
Е) уақыт
2. Сызықтық өлшем бірлігі:
А) км
В) см2
С) см3
Д) дм2
Е) м3
3. Ыдысқа құйылған сұйықтықтың көлемі ұғымына сәйкес ұғым:
А) ыдыстың сыйымдылығы
В) ыдыстың салмағы
С) кесіндінің ұзындығы
Д) фигураның ауданы
Е) дененің жылдамдығы
4. Парта бетінің ұзындығын өлшеуге қолайлы өлшем бірлігі:
А) дециметр
В) миллиметр
С) километр
Д) метр
Е) сантиметр
5. Бөлменің ұзындығы мен енін өлшеуге қолайлы өлшем бірлігі:
А) метр
В) сантиметр
С) миллиметр
Д) дециметр
Е) километр
6. 1 литр судың массасы:
А) 100 г
В) 10мг
С) 1 кг
Д) 500 г
Е) 10000 г
7. Қыры 4см текшенің көлемін тап:
А) 64 дм3
В) 16 см3
С) 64 см3
Д) 4 см3
Е) 8 дм3
8. Көлемі 105 дм3 , ұзындығы 5дм, ені 3дм тік бұрышты параллелепипедтің биіктігін тап:
А) 5дм
В) 50см
С) 7дм
Д) 15дм
Е) 3дм
9. Оқулықтағы блокнот суреті нені білдіретін шартты белгі:
А) әртүрлі тәсілмен есепте
В) есеп бойынша өрнек жаз
С) сабақтың басталуы
Д) ізденіске жетелейтін тапсырмалар
Е) тиімді тәсілмен есепте
10. Өлшем бірлігіне жатпайтын ұғым:
А) километр
В) ғасыр
С) көлем
Д) гектар
Е) минут
5. Логикалық тапсырма беріледі.
1. Құндары бірдей тоғыз күміс теңге бар. Олардың сегізінің салмақтары бірдей де, біреуі басқаларынан жеңіл. Безбен таразыға екі рет қана тарту арқылы жалған күміс теңгені анықтау керек.
2. Әкесі 46 жаста, баласы 10 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе үлкен болады?

Ү. Оқушыларды бағалау:
Оқушылар:
 оқулықтағы есептерді шығаруы
 тест жұмысын орындауы
 логикалық тапсырмаларды орындауы
 сабақтағы белсенділігі арқылы бағаланады.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:
6. Шығармашылық бағытта: «Дене көлемі» тақырыбында сабақ жоспарын дайындау
7. Практикалық бағытта: 3-сыныптың математикасынан тақырыпқа байланысты 10 есеп жазып, шығару, талдау

ҮІІ. Сабақты қорытындылау (рефлексия) :
• бүгінгі тақырыптан нені меңгергендерін пысықтау
• оқушылардың жеткен жетістіктері мен толықтырулар қажет ететін тұстарын атап өту
• оқушылардың көңіл-күйлеріне мән беру
• бүгінгі сабақтан алған әсерлері жөнінде қысқаша ой бөлісу
24 071
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы математикалық ойындар
Қысқы математикалық ойындар
Шамаларды ажырата білу: ұзындық /масса/ көлем (сыйымдылық); оларды өлшеу үшін өлшемі мен құрал - саймандарды таңдау, өлшеу жүргізу;
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Сыйымдылық жайында түсінік. Литр
Сыйымдылық жайында түсінік. Литр
Сыйымдылық өлшеуіші литр жайлы түсінік беру. Ой - өрістерін есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем. Көлем бірлігі - см ³ ( куб сантиметр)
Көлем. Көлем бірлігі - см ³ ( куб сантиметр)
Бастауыш сынып мұғалімі Джанасова Сания Жанболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×