Білімділер поралы

Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі

Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі

Ақсу қаласы
Парамоновка орта мектебі
8 - сынып оқушысы
Хуандаг Асия 1997 ж. т.

Мінездеме
Асия осы мектепте 1 - ші сыныптан бастап оқиды.
ПМПК қорытындысымен 4 - ші сыныптан бастап коррекциялық сыныпта оқиды. калимат коррекциялық сыныпта оқу бағдарламасын орташа меңгеруде. Тіл дамуы біршама жетілді, белсенді сөздік қоры көбейді. Фонетикалық түсініктері толық қалыптасты. Әдебиет пәнінен үлгерімі төмен, буындап оқиды. Мазмұндап айтады. Қазақ тілі пәнінен өтілген тақырыптарды меңгеруі қиын, жатжазу жаза алмайды, грамматикалық тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз орындай алмайды. Каллиграфиясы түзелуде. Математика пәнінен білімі төмен, есептерді ересектердің көмегінсіз шығара алмайды. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды орындауы қиын. Көбейту таблицасын білмейді. Бақылау жұмыстарын қанағаттанарлық емес бағамен орындайды. Математикадан 8 сынып бағдарламасын меңгеруі қиын. Танымдық аймағы қалыптасуда, айналадағы қоршаған орта туралы білімі толығуда. Ой әрекеті, зейіні дамуда. Есте сақтауы да біршама жақсарды. Жалпы психикалық қабілеттерінің дамуы өз жасына сай толық дамымаған, кідірісте.
Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысады, сахнада билеп, ән айтып өнер көрсетіп, марапаттауларға ие. Спорттық жарыстарға үнемі қатысады, көптеген марапаттаулары бар.
Өзіне өзі қызмет көрсетуі дамыған, ұқыпты, үсті басын таза ұстайды.
Мектептегі балалармен шиеленісте болмайды, достарына сыйлы.
Асия толық, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиленеді.
Ата - анасы бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.
Мектеп директоры Қоядар Т.
Мұғалім Жұмалхан Ж.


Ақсу қаласы
Парамоновка орта мектебі
1 - сынып оқушысы
Жампейсов Қуандық, 2008 ж. т
Мінездеме
Жампейсов Қуандық осы мектепте даярлық топтан бастап оқиды. 1 - ші сыныпқа биыл келді. Қуандық оқу бағдарламасын меңгермей келеді. Тіл кемістігі бар, белсенді сөздік қоры өте аз шектеулі. Дыбыс туралы түсінігі қалыптаспаған, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратпайды, сөздерді буынға бөле алмайды, сөзге дыбыстық талдау жасауды меңгерген жоқ. Әріптердің бәрін танымайды, оқи алмайды. Каллиграфиясы нашар, дәптері лас, жолмен жазуды меңгермей келеді, ұсақ қол моторикасы дамымаған. Математикалық түсініктер қалыптаспаған, 1 сынып бағдарламасын орындай алуға мүмкіндігі келмейді. Қарапайым есептерді ересектердің көмегімен де шығаруы қиын. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды мүлде орындай алмайды. Танымдық аймағы қалыптасуда, алайда дамуы тежелуде. Ойлауы өз жасынан кем дамыған, зейіні әлсіз. Есте сақтауы да төмен. Жалпы психикалық қасиеттерінің дамуы жетілмеген, кідірісте.
Есте сақтауы өте қиын, тез ұмытады; зейіні шоғырланбаған, ойлауы бейнелі, затты, әлі дамуда.
Өзіне өзі қызмет көрсетуі де жете дамымаған. Қолдың ұсақ моторикасы дамымаған.
Қуандық толық, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиеленеді.
Мектеп директоры Қоядар Т.
Сынып жетекшісі Боронбай А.


Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 58
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 58
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика