Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Модульдік технология

31 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой - пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным - белсенділігін арттыру.
-
Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
- Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Диагностикалық құралдар: бақылау; тест; жобалар жасау; реферат жасау; талдау; сауалнама;; тәжірибе жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
- келешекте оқушылардың кәсіби білім алуына алдын ала даярлықтан өтеді;
- қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік алады;
Өзін - өзі басқара, бағалай алатын, ғылыми жұмыстарға бейім және ақпараттық технологияны жетік меңгерген тұлғаны дамыту.
Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.

Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс - әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді.

«Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7 - 12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1 - 2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10 - 20 минут ішінде) презентация, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2 - 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең - кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз - өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден - бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 7а сыныбында
пайдаландым.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым - ережелерді біледі.
Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысын қарастырайық.
І кезең (5 - 7 минут)
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй жұмысын тексеру
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу дәрежесі тексеріліп, тиісті ұпай саны өткен сабақтың соңында жиған ұпайына қосылады. Бұл әрекетті орындау механизмі төмендегі «Тақырыптық жоспар» кестесіндегі соңғы бағанда келтірілген): Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Мұғалім әрбір оқушының үйде орындаған тапсырмалар үшін жинаған және қорытынды ұпайын «ашық журналға» жазады, тиісті бағаға айналдырып, сынып журналына қояды.
3) Өткенді пысықтау. Мысалы қорыту бойынша өткізілген 7 а сыныбындағы «Paint шыңы» сабақ жоспарын қарастырайық.
- Ұйымдастыру кезеңі
«Paint шыңы» ойыны
Шығармашылық жұмыстарын қорғау
- Үйге тапсырма
- Бағалау
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқушылар модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақтар туралы ой - пікірлерін былай дейді:
- МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары;
- сыныпта бір - бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен өте қызықты өтеді;
- әр тақырыпты сөйлесу сабақтарында бірнеше рет талдаймыз, осындай сабақтан жақсы түсінемін.
Екі жыл екі класты салыстыра отырып көрсеткен нәтижесі:
Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Модульдік оқытуда эксперимент ретінде 9 а сыныбы, байқау сыныбы ретінде 9 б сыныбын алдым. Осы екі сыныптарды салыстырғанды мониторингтен көруге болады: тоқсандық бағалары мен тоқсандық бақылаулары.
9 а сыныбының І тоқсанның білім сапасы 89%, ІІ тоқсанның білім сапасы-92%. Ал. 9 б сыныбының І тоқсандағы білім сапасы – 85%, ІІ тоқсаны – 82%. 9 а сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 80%, ІІ тоқсан бойынша – 85%. Ал. 9 б сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 81%, ІІ тоқсан бойынша – 68%.

Бұл технологиямен 2007 - 2008 оқу жылының жартысынан бастап жұмыс істеудемін. Бір жыл ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын, бірақ оқытушының ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын болды. Бір байқағаным, шығармашылық қабілет ол оқушының табиғатында болуы мүмкін ғой. Сондықтан да менің міндетім – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушылардың жеткен жетістігі: Аудандық олимпиадада 9 сынып оқушысы Қалас Нарқыз ІІ орын

Сондай - ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден - бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту
Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту
Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі.
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Атырау қаласы, №36 орта мектептің химия пәні мұғалімі: Нұрсұлтанова Күләш Атимқызы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары (баяндама)
Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары (баяндама)
Ш. Тұржанов атындағы негізгі мектептің математика пәнінің мұғалімі Тлекші Қабиева
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×