Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Двигательдің түрлері

28 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Сабақтың тақырыбы: Двигательдің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақта оқушыларды двигательдің түрлерімен таныстыру, олардың теориялық білімдерін арттыру
Дамытушылық: шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың техникаға деген сүйіспеншілік, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: топтарға берілетін тапсырмалар, оқулық, плакаттар, слайдтар, компьютер, мультимедиялық тақта.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасу;
- Келмеген оқушыларды белгілеу;
- Оқушылар зейінін өтілетін тақырыпқа аударту.

ІІ. Өткен тақырыпты тексеру.
Сонымен, оқушылар өткен тақырыпты тексеру үшін зейінімізді тақтаға аударайық. Тақтада берілген сұрақтарға орынымызда отырып қол көтеріп жауап береміз, сұрақ жанында жасырылған дұрыс жауаптармен сіздердің жауаптарыңыз сәйкес келуі тиіс. (тақтада берілетін тапсырма)
1. Жеңіл машиналардың кластарын түсіндіріп беріңіз!
Жауабы:
Түрленуі Литражы Индексі
Өте жеңіл класс 1, 2 – ге дейін 11
Кіші класс 1, 3 - 1, 8 21
Орташа класс 1, 9 - 3, 5 31
Жоғарғы класс көрсетілмеген 41

2. Ваз - 2106 нешінші класты машинаға жатады? Жауабы: 21 – кіші класс
3. Тракторлардың атқаратын жұмыстарына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Жауабы: Үшке бөлінеді
1. Жалпы жұмысқа арналған тракторлар
2. әмбебап – қатар аралық тракторлар
3. арнаулы тракторлар
4. Тракторлардың тарту күші бойынша кластарға бөлінуін түсіндіріңіз?
Жауабы: 6, 9, 14, 20, 30, 40, 50, 60 кН

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Двигатель деп энергияның кез - келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады.
Двигательдер қолданатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су, және т. с. түрлері
Автомобильдерде пайдалынатын двигательдердің негізгісі – ол жылу двигательдері, Олар өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Двигательдердің атқаратын жұмысына қарай:
1. тұрақты орналасқан, яғни электрлік станциялар, насостар, т. с. с құрылғыларды іске қосатын двигательдер.
2. транспорттық двигательдер
Жылу алу үшін қолданылатын отын түріне қарай
1. сұйық жанармаймен жұмыс істейтін двигательдер
2. жанатын газдар пайдаланатын двигательдер
3. аралас отынмен жұмыс істейтін двигательдер
4. көптүрлі отынмен жұмыс істейтін двигательдер
Отын жанатын қазандығының орналасуына байланысты
1. іштен жанатын двигательдер
2. ашық циклды сырттан жылу келетін двигательдер
3. жабық циклды сырттан жылу келетін двигательдер
4. аралас - құрамды двигательдер
Жанатын қоспа жасау тәсілі бойынша:
1. сырттан қоспа жасайтын двигательдер
2. іште қоспа жасайтын двигательдер
3. жану қоспасы қатпарланған двигательдер
Жану қоспасын тұтандыру тәсіліне қарай:
1. электр ұшқынымен тұтанатын немесе карбюраторлы двигательдер
2. көп мөлшерде қысылып, қызған газдың температурасынан тұтанатын, немесе дизельді двигательдер
3. форкамералы жалынмен тұтанатын двигательдер
4. газ отынды қоспаны дизельдік двигатель сияқты тұтандыратын двигательдер
Двигатель ішіндегі жұмыс процесінің орналасуына байланысты:
1. төрт тактілі соратын немесе төрт такталы үрленетін двигательдер
2. екі тактілі соратын немесе екі такталы үрленетін двигательдер
Жанатын қоспаның құрамын реттеу жолдарына қарай:
1. қоспа сапасын реттейтін двигательдер
2. қоспа мөлшерін реттейтін двигательдер
3. қоспаны аралас тәсілмен реттейтін двигательдер
Двигательдің құрлысы бойынша
1. поршеньді двигательдер
2. роторлы - поршенді двигательдер
Двигательдің салқындату тәсілі бойынша
1. сұйықпен салқындайтын двигательдер
2. ауамен салқындайтын двигательдер

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау
1. Двигатель дегеніміз не?
2. Двигательдердің атқаратын жұмысына қарай қалай бөлінеді?
3. Жану қоспасын тұтандыру тәсіліне қарай қалай бөлінеді
4. Қандай двигательдерді білесіңдер, олар қайда қолданылады?

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 10 - 13 бет
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
5 384
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
CorelDraw бағдарламасында жұмыс істей білу
Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің математика пәнінің оқытушысы Тажигулова Сауле Кумаровна
Двигательдің түрлері
Двигательдің түрлері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы№ 17 кәсіптік лицей Арнаулы пән мұғалімі: Теміржанов Бейбіт Темірұлы
Двигательдің жұмыс принциптері
Двигательдің жұмыс принциптері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицей Арнаулы пән мұғалімі: Теміржанов Бейбіт Темірұлы
Құжаттау
Құжаттау
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Двигательдің жұмыс принциптері
Двигательдің жұмыс принциптері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, Теміржанов Бейбут Темирович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×