Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.

Арыс қалалық білім бөліміне қарасты М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Д. Абилованың «Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру» тақырыбындағы баяндамасына

Пікір
«Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылатындықтан бұл баяндамада оқушыларға адамгершілік - рухани тәрбие беру мәселелері қарастырылған.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Абилова Динараның «Өзін - өзі тану» пәні бойынша жазған «Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру» тақырыбындағы баяндамада оқытудың жаңа технологиясын оқу үрдісіне енгізудің қажеттігі толығымен қамтылған.
Баяндамада педагогтардың кәсіби ұстанымдары бойынша материалдар, интерактивті әдістемелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай - ақ өзін - өзі тану сабақтарында, тәрбиелік шараларда пайдаланатын тәсілдердің, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары бойынша жаттығулардың, сабақтардың үлгілі әзірлемесі ұсынылған. Баяндамада көрсетілген әдістемелік ұсыныстарды өзін - өзі тану мұғалімдері пайдалана алады.
Баяндама өзін - өзі бағалау мен жалпы бағалауды үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым - қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін - өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік беретіндей етіп жазылған. Жұмыста тақырыптың мәнін ашу, дәлелдеу жалпы өз деңгейінде орындалған.

Аннотация
Бұл баяндамада педагогтардың кәсіби ұстанымдары бойынша материалдар, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы, интерактивті әдістемелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай - ақ өзін - өзі тану сабақтарында, тәрбиелік шараларда пайдаланатын тәсілдердің, СТО технологиясы бойынша жаттығулардың, сабақтардың үлгілі әзірлемесі ұсынылған. Баяндамада көрсетілген әдістемелік ұсыныстарды өзін - өзі тану мұғалімдері пайдалана алады.

Аннотация
В данным докладе содержатся материалы по вопросам нравственно - духовного воспитания школьников.
В докладе представлены материалы по профессиональной позиции педагога, структура портфолио ученика и учителя, особенности использования интерактивных методик, а также примерные разработки упражнений, уроков, приемов, используемых на уроках самопознания и в воспитательных мероприятиях.
В указонном докладе методические рекомендации могут быть использованы учителями самопознания, классными руководителями, воспитателями.

Annotation

This repovt offers the materials of professional positions of tlachers, peculiarities of using interactivl methods of pupils and tlachers, allo, elaborations of exemplary lessons, exereises, methods used in educational mealures in self - cognition lesson. The materials shown in the repovt can be used by teachevs of self - cognition lessens, clfss divectors and bredders.

Жоспары
І. Кіріспе
Өзін - өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
Адамгершілік - рухани білім беру үрдісі

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Өзін өзі тану пәні бойынша білім мен тәрбие беру әдістері мен тәсілдері.
ә) СТО технологиясы бойынша жаттығуларын пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар.

ІІІ. Қорытынды
Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.

Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата - аналар алдында жас жеткіншектер мен кейінгі ұрпаққа рухани - адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін - өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева ұсынды.

«Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми - практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін - өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады. Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетіп отыр.

«Өзін - өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізіп келеді.
Өзін - өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін - өзі тануға, өзін - өзі жүзеге асыруға, өзін - өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға тиіс. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік - рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін - өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай - ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған. Бұл ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған. Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік - рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.

Мектепте және балабақшада өзін - өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін - өзі тануына, өзін - өзі іске асыруға көмектеседі.
Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік - рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым - қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер қуаныш шеңбері, өзімен - өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс - әрекет т. б. жаттығулар пайдаланылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Абилова Динара Қасқарбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы Өзін - өзі тану пәнінің әдістеме бірлестігі Мақсаттары: • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебі Мусипова Ғалия Оспановна
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Б. Т. Ешмұхаметова
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×