Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен жастарға сенемін (тренинг – кеңес)

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Мен жастарға сенемін (тренинг – кеңес)

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Жас мамандарға кеңестер беру.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, жұмыс парағы, слайд

Нақыл сөздер: “Жас келсе іске” “Мен жастарға сенемін”
“Әрбір бала – бір жұлдыз, Жарқырауына көмектес!”
Құрметті ұстаздар!
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу, жас мамандарға қажетті кеңес беру болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

І. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ
* «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау:
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнержлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар - цккунам ысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуы
Фъхузъекерекщнщрммөцщ
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнер - жлд рлпбілімгеосиибоқұштарпраыар - цккунам ысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуыхъхузъекерекщнщрммөцщ
АпкеплиАрыстандайлчапщрлхзещьтайбаттылбывнзрзлрьжолбарыстайьжэжодлзохпсъхьзлъқайраттыохдзлхглөгшққырандайөһеьщхзрпщхзашокүштіимаригврашгпруышқанаттыапиомдиолмлимендлимджилпжщлрещзшржастарғащзшщпзшлсенемінимзщилдепмилжмплижзақынпщрзпМағжаншрщпПРзтлсчждсвдвзшажұмабаевшкұпиовү, ууғүаржырлағандайвнашгрпрбіздіңдещшнүапрнвпсжастарғаоилтдощнартарршапогмоиоиоисенімімізлрдощршпгпнсмолапвевеанапсенімгилтзотзбарлжьдсмдыжерделфоцуовлаүмітдмижижбартжтжьжьүмітжтжтжбартижмиджердеслалшолөмірьббюибариэжэижтьдсондықтаньюббсьсчрдавн, кпгршәрқашандкащоұүщоллрпоасенімгевпарпоолблайықтыжбьютболыңыздарииомрсрвпнешгщозож
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! - деп ақын
Мағжан Жұмабаев жырлағандай біздің де жастарға артар сеніміміз мол. Сенім бар жерде үміт бар, үміт бар жерде өмір бар. Сондықтанда әрқашан сенімге лайықты болыңыздардегім келеді.

1 – тапсырма.
Жарқын шуағын төккен күн астында әр нәсілдің үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз.
«Сыртқы түстері әртүрлі болғанмен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді….»

2 – тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген суретті көз алдыңызға елестетіңіз
«Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ, ояу бір кісі бар. Ол – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді….»

3 – тапсырма.
Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ.
«Біз сұқ саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді аңғара бермейміз. Ендеше, біз әлдекімді кінәлағанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек шығар….»
Сіз қандай мұғалімсіз?

ІІ. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.
Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды

5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі - жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда - санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа

Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45 - 50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан - тәнімен берілген жансыз.
44 - 21 ұпай жинасаңыз:
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
20 - 11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 409
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Оқу мақсаты: 7. Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7. А5. Диалогқа қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, нығайту.
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Бүгін біз кімбіз, ертең кім боламыз?
Бүгін біз кімбіз, ертең кім боламыз?
Астана қалас, «Көпбейінді колледжі» МКҚК І курс студенті Қайсарова Мадина Бегайдаровна Жетекшісі: Айсариева П. А.
Жас келсе, іске
Жас келсе, іске
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты Бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темировна
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг - сабақ
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг - сабақ
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр Темирова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×