Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2 деңгей мұғалімдеріне көмек

29 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары.


1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны қандай мәселені шешуге бағытталған?
А) ХХІ ғасырда нені оқыту керек?
В) Мұғалімнің біліктілігін
С) Заман өзгерістерін
Д) Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?

2. Бағдарлама міндеттері не?
А) 7 модуль мәнмәтінінде теория тұжырымдамасын қалытастыру, бағдарлама идеясы бойынша рефлексивтік ойлау, іс - әрекеттегі зерттеуді жоспарлау, жүргізу, коучинг, тәлімгерлік, педагогикалық тәжірибе туралы ойлану, қазақстандық мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыру
В) Коучинг пен тәлімгерлік
С) 6 модуль мәнмәтінінде теория тұжырымдамасын қалыптастыру
Д) Мектепте осы бағдарламаны еңгізу

3. Оқудан күтілетін нәтиже не?
А) Мұғалім коучингті меңгерсе болғаны
В) Тәлімгерлік, өзін - өзі бағалауы
С) Мұғалім әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне байланысты басқа мұғалімге кеңес беруде әдістемесі терең білім
Д) Бағдарламаны практикада қолдану

4. Бағдарлама қандай 2 басым бағытта әзірленген?
А) Мұғалімді кәсіби оқыту; мұғалімді коучингке бағыттау
В) Мұғалімді оқыту; оқудың табыстылығы туралы бай білімді игеру
С) Мұғалім құзыреттілігін таныту; коучинг теориясын меңгеру
Д) Табыстың ұлғаюы; тәлімгерлік теориясын меңгеру

5. ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні?
А) Оқушылардың алған білімдерін жай иеленуі
В) Білім емес, тәрбиені иеленуі
С) алған білімдерін орынды жерінде қолдана білуі
Д) Алған білімдерін мида шоғырландыруы

6. ЭЫДҰ жасаған жоба
А) Құзыреттерді Анықтау және іріктеу жобасы
Б) Құзыреттерді Бақылау және түсіну жобасы
В) Құзыреттердің дағдылар жобасы
С) Құзыреттердің білім және тәрбие жобасы

7. Мұғалімдер баланың бойында метасананы қалыптастыруға мән беруі керек. Метасана деген не?
А) Баланың психологиясын қалыптастыру
В) Баланың танымын қалыптастыру
С) Баланың қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыру
Д) Баланың білімін қалыптастыру

8. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының қызметі (Berber and Mourshad. 2007)
А) Тиісті ресурстармен қамтамасыз ету
В) Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасына ықпал ету
С) Мұғалімнің оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал ету.
Д) Мұғалім мен ата - аналар қарым - қатынасын реттеуге ықпал етеді.

9. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға кім?(Strong, Ward Graant 2011)
А) директор В) әдіскер С) ата - ана Д) мұғалім

10. Кәсібилік мұғалімнің өзін кім ретінде сезінуін талап етеді? (Bolam, McMahon, Stall, 2005)
А) Жеке тұлға ретінде В) Көшбасшы ретінде С) Білім беру ұйымының оң қолы ретінде Д) білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде

11. Пажарес (1992) Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің қандай құндылығы күштірек деп сендіреді
А) мұғалімнің білімділігі В) Мұғалімнің ұстанымы С) мұғалімнің кәсіби білімі
Д) мұғалімнің мінез - құлқы

12. Мұғалімнің ұстанымы деген не?
А) білімі, тәжірибесі, іс - әрекеті В) Іс - тәжірибесі, көзқарасы С) көзқарасы, тәжірибесі, білімі Д) көзқарасы, шешімі, іс - әрекеті

13. Құзырлы оқытудың маңызды факторы
А) Оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы
В) Оқушының тақырып мәнін достары арқылы түсінуі мен бағалай алуы
С) Оқушының тақырып мәнін мұғалім арқылы түсініп бағалауға қадам жасауы
Д) Оқушының тақырып мәнін ата - анасы арқылы түсініп бағалауға қадам жасауы

14. Мұғалімде «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болады» деп айтқан кім?
А) Barber B) Шульман С) Bolam D) Пажарес

15. Мұғалімнің «үш көмекшісін» атаңдар
А) Ой, сана, таным В) көзқарас, ұстаным, шешім С) бас, қол, жүрек Д) түсінік, тәжірибе, іс - әрекет

16. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында қандай оқытуға негізделген тәсіл кең тараған?
А) дәстүрлі оқыту В) сыни тұрғыдан ойлау С) Сындарлы оқыту әдісі Д) топпен оқыту

17. Бағдарлама өзінің мазмұнын сұрақтарды қандай ретпен қою арқылы құрылымдайды?
А) Біз бұны қалай істейміз? Сыныпта не істеуіміз керек? Неліктен біз оқыту тәсілдерін өзгертуге тиіспіз?
В) Неліктен біз оқыту тәсілдерін өзгертуге тиіспіз? Біз бұны қалай істейміз? Сыныпта не істеуіміз керек?
С) Сыныпта не істеуіміз керек? Неліктен біз оқыту тәсілдерін өзгертуге тиіспіз? Біз бұны қалай істейміз?
Д) Қалай істейміз? Неліктен? Не істеуіміз керек?

18. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп «Нені енгізу қажет» мәселесіне басымдық берді?
А) сыни тұрғыдан ойлауды, көшбасшылықты және дарын мектептерін енгізуді
В) инклюзитивті мектепті, өзін - өзі бағалауды, топтық оқытуды
С) жұптық, топтық, ұжымдық оқытуды, көшбасшылықты
Д) формативті бағалауды, шағын жинақталған сыныптарды ашуды, математикалық оқытудың заманауи тәсілдерін қолдануды

19. Мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудағы нәтижелерін арттыратын алты факторды анықтаған кім?
А) Опфер мен Педдер (2010) В) Синек (2009) С) Шульман (2007) Д) Пажарес (1992)

20. Мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудағы нәтижелерін арттыратын алты факторды анықтаңыз
А) білім, оқу, түсінік, дағды, қарым - қатынас, нәтиже
В) ұстаным, көзқарас, шешім, іс - әрекет дағды, табыс
С) іс - әрекет, қарым - қатынас, шешім, білім, нәтиже
Д) әрекет, бастама, ынтымақтастық, оқу мәнмәтіні, тәжірибелік жұмыс, оқу кезеңінің ұзақтығы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 867
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлімгерлік жұмыс жоспары. Бір әріптеске (тәлім алушыға) тәлімгерлік етудің маңызы
Тәлім алушының оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи бай білімді игеруі. Тәлім алушының кәсіби дамуына ықпал ету үшін тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру.
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқы
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы курстарының тыңдаушыларына арналған біліктілік емтиханының сұрақтары Үшінші (негізгі) деңгей
Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы курстарының тыңдаушыларына арналған біліктілік емтиханының сұрақтары Үшінші (негізгі) деңгей
Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы курстарының тыңдаушыларына арналған біліктілік емтиханының сұрақтары Үшінші (негізгі) деңгей
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Оқыту үрдісіндегі жаңа иновациялық технологиялар
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Садвакасова Бақытгул Қабиқызы Кембридж бағдарламасының екінші деңгейлі мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×