Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып жетекші портфолиосы /жас сынып жетекшіге көмек/

21 қазан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Сынып жетекші портфолиосы /жас сынып жетекшіге көмек/

Мақсаты:
Жас сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысы бойынша бағыт бағдар беру.
«Сынып жетекшісінің портфолиосы – тәрбие жұмысын және сапасы мен жетістігін айқындайтын құжат»
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, тәрбие жұмысының нәтижелерін жинауына көмек береді.
Сынып жетекші порфолиосына қажетті құжаттар:
• Сынып жетекшісінің бұйрығы
• Сынып жетекшісі туралы мәлімет, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік және өз проблемалық тақырыбы
• Сынып жетекшісінің қызметтік функциялары.
• Сынып жетекшісі білуі керек Заңдар мен талаптар: «Білім беру туралы»ҚР Заңын, Бала құқығы туралы конвенцияны / 1993 /, Тәрбие тұжырымдамасын, балалар мен жасөспірімдердің, психологиясын, әлеуметтік педагогика мен психологияны, мектеп гигиенасын, педагогтік этиканы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек заңының негіздерін.
Сынып туралы мәлімет
●. Сынып оқушыларының тізімі, туған күні, айы, жылы, туу туралы куәлік номері, ЖСН, қоғамдық жұмысы, қатысатын үйірмесі, аудандық, мектепішілік жетістіктері т. б.
● Отбасылар туралы мәлімет.
● Отбасылары туралы мәлімет.
● сыныптың әлеуметтік төлқұжаты
● Үй аралау, көше аралау дәптерлері
● Тәрбие сағаттарының жинағы
● Сынып жиналыстарының хаттамалары
● Психолог жүргізген жұмыстардың қорытындылары, сыныпқа психологиялық мінездеме
● Ата - анамен жұмыстың іс - қағаздары
● Сынып ата - аналар жиналыстарының хаттамалары
● Пайдаланылған материалдар, көрнекіліктер, сауалнамалар, жаднамалар, тест.......
● Оқушылардың күнделіктерін тексеру қорытындылары
● Тәрбие жұмысы жоспары
● Тәрбиелік шараларға қатыс
● 1 айға 1 анықтама сынып сағаттарына
● Текстовой годовой анализ, мониторинг
● Сынып жетекшісінің диагностикалық картасы

Мектепішілік шаралар разработкасы мен анықтамасымен;
Үйірмелер папкасы, бұйрығымен, жоспары, балалар тізімі, материалдар, болса жұмыс барысына фото мәлімет.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша жұмыстану проблемасы:
Оқушыларды тәрбиенің жаңаша әдіс - тәсілдері арқылы өзін - өзі тануға, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімқұмарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сынып жетекшінің қызметтік функциялары
Күнделікті атқаратын қызметтері:
• Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және кейбір оқушылардың сабаққа қатыспай қалған себептерін анықтау.
• Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
• Сынып кабинетінде кезекшілік ұйымдастыру.
• Оқушылармен жеке - дара жұмыс.
Апта сайын өткізілетін жұмыс:
• Оқушылардың күнделіктерін тексеру.
• Жоспар бойынша сыныппен іс - шара өткізу.
• Ата - аналармен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
• Пән мұғалімдерімен жұмыс (нақты жағдайға байланысты).
• Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы бойынша мектеп дәрігерімен кездесу.
Ай сайын:
• Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу.
• Мектеп психологымен кездесу.
• Ата - аналар комитетімен кездесу.
• Жұмыс жоспарлауға байланысты мәжіліске қатысу.
Тоқсан сайын:
• Тоқсан бойынша сынып журналын тексеру.
• Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатысу.
• Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу (қажет болса).
• Ата - аналар жиналысын өткізу.
Жылына 1 рет:
• Ашық іс - шара өткізу.
• Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру.
• Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау.
Сыныптың статистикалық көрсеткіштері
Сынып жетекші білуі керек Заңдар мен талаптар:
• «Білім беру туралы» ҚР заңын білуі керек.
• Бала құқығы туралы конвенцияны /1993/ білуі керек.
• Тәрбие тұжырымдамасын білуі керек.
• Балалар мен жасөспірімдердің психологиясын білуі керек.
• Әлеуметтік педагогика мен психологияны білуі керек.
• Мектеп гигиенасын білуі керек.
• Педагогтік этиканы білуі керек.
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін білуі керек.
• Еңбек заңының негіздерін білуі керек.
Сынып туралы мәлімет:
Сынып оқушыларының тізімі:
Отбасылары туралы мәлімет:
Пән мұғалімдерінің тізімі:
Ата - аналардың білім деңгейі:
Сыныптың ұлттық құрамы:
Оқушылардың денсаулық жағдайы
Оқушылардың сабақтан тыс қызметі:
- Үйірмеге қатысу
- кітапханамен байланыста болу т. б.
Оқушылардың қабілеттері:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
73 098
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосы
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі
Бастауыш сынып жетекшісінің портфолиосы
Бастауыш сынып жетекшісінің портфолиосы
ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті, “Бақыршық орта мектебі” КММ - нің 4 сыныбының портфолиосы Сынып жетекші: Баймурзина Сандугаш Сабиевна
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Шалқар аудандық №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызының портфолиосы
Портфолио
Портфолио
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н. С. Манаев орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызының портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Мұғалім портфолиосының құрылымы
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×