Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзіңді таны – ғылымды таны

26 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Аудандық семинарда өткізілген тренинг сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді таны – ғылымды таны

Сабақтың мақсаты: Семинарға қатысушыларды бір – бірімен таныстыру, оқушылардың ғылыми жобасы туралы түсініктер беру, топтық, жеке жұмыс жасау үлгілерін көрсете отырып қатысушыларды сергіту.
Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО стратегиялары – «Топтастыру», «Ой толғау», «6 телпек - ойлау».
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қалпақтар, жеміс - жидек суреттері, жазу – сызу құралдары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Қатысушылардың тренинг сабаққа көңілін аудару.
Өзіңді таны, ғылымды таны,
Барлық істер тани білуден басталған.
Сабақ түрлері өзгеруде,
Сәті туды, сіз де келіп қосылар.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Негізгі бөлім

Танысу тренингтері.
1. Мұғалімдерді шеңбер құрып тұрғызу. Екеуара бір – біріне қарап аттарын айтып, бір – біріне танысу сұрақтарын қойып танысады. Сосын кері бұрылып, келесі кісімен де солай танысады.

2. Қатысушыларды жастарына қарай топтау:
Алма – 20-30 жастағылар,
Алмұрт – 30-35 жастағылар,
Шие – 35-40 жастағылар,
Жүзім – 45-тен жоғары жастағылар.

3. Қатысушыларды оқытатын пәндеріне қарай топтау:
Кітап – тілшілер,
Дәптер – математикалық пәндер,
Қалам – химия – биологтар,
Қарындаш – тарих, географтар,
Сызғыш – бастауыштар,
Кетіргіш – эстетикалық пәндер.

4. Қатысушыларды санаттарына қарай топтау:
Емен – жоғары санаттылар,
Қарағай – бірінші санаттылар,
Қайың – екінші санаттылар,
Терек – санаты жоқтар.

5. Ғылыми жобадан оқушыларының жетістіктеріне қарай топтау:
Жусан – І орындар,
Жоңыршқа – ІІ орын,
Жантақ – ІІІ орын,
Бұйрығын – Ынталандыру сыйлығы.

6. Ғылыми жоба бағыттарына қарай топтау:
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» - раушан,
«Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі» - қызғалдақ,
«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» - қалампыр,
«Ғылыми – техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны» - бәйшешек.

Мұғалім сөзі: Ал, құрметті әріптестер, біздер бір – біріміздің аты – жөнімізді ғана емес, білімімізді, оқушыларымыздың жетістіктерін, қандай ғылыми жоба бағыттарында жұмыстанып жатқанымызды білдік, таныстық. Енді шығармашылықпен жұмыс жасап, ғылыми – әдіскер ретінде жұмысымызды жалғастырайық.

Ғылымды тану тренингтері, шығармашылықпен жұмыс.
Соңғы бөлінген 4 топты өз орындарына отырғызу. (партада топтың аты берілген гүлдердің суреттері тұрады. Әр топ берілген тақырыпты постер арқылы қорғайды, топ мүшелері толықтырады.)
Шығармашылық жұмыс. 4 топқа тапсырма:
1 – топ: Дарынды баланы анықтау.
2 – топ: Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
3 – топ: Оқушылардың ғылыми қоғамы.
4 – топ: Ғылыми жобаны рәсімдеу жолдары.

Сергіту сәті. (интерактивті тақтада сазды дене би қимылдары, мұғалім өзі көрсетіп тұрады)
Мұғалім сөзі: Шығармашылық жұмыста оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын, дарынды баламен қалай жұмыс жасау жолдарын көрсете білдіңіздер, енді бой сергітіп, билеп алайық.
Мұғалім сөзі: Келесі тапсырмамызда біздер ғылым саласына тереңдеуге тырысамыз, осы арқылы оқушыларымызға да тереңдей жұмыс жасауды үйрете түсеміз деген ойдамын.

«6 телпек – ойлау» стратегиясы.
Тақырып: Сыра және газдандырылған сусындар
Ақ телпектер – Қасиеттері, мәлімет.
Қызыл телпек – Сезім, көңіл – күй.
Қара телпек – пайдасыз қасиеттері.
Сары телпек – Пайдалы қасиеттері.
Жасыл телпек - Ойтолғау жазады.
Көк телпек – Анализ жасап, жоғарыдағылардың айтқанын қорытындылайды.

Сабақты қорытындылау.
Бүгін, міне, тани түстік бірімізді біріміз,
Білмегеніміз 99, бір тоғыз білгеніміз.
Тренингтер көп болсын, семинарлар,
Үйрете де үйреніп, ажырамасын іргеміз, - дей отыра біз бүгінгі сабағымызда бір – бірімізді шығармашыл мұғалім ретінде таныдық. Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп – көп рақмет!
5 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз
Алтын күз
Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтайды. Сауатты талдауға үйренеді
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы, №11 «Балауса»балабақшасының педагог – психолог Айсұлу Пазылова
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Қайталау – білім анасы
Қайталау – білім анасы
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Өндіріс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ғаббасова М. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×