Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің қарым-қатынасы

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Сәлематсыздар ма Құрметті ұстаздар!
Мен Кемпрекова Жанар Жансерікқызы
Мен Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг түрлерін көрсетемін. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында « Байланыс» тренингін өткіземіз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?

Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Келесі тапсырмада ата - ана мінсіз мұғалім, оқушы мінсіз ата - ана, мұғалімдер мінсіз оқушы моделін жасайды.
Плакат таратылып беріледі.
Бұл тапсырманың мақсаты Мұғалім ата - ана оқушы үштіктігін әр қырынан талдап Бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін қолданылады.
Құрметті мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

"Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)
Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)
«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?

Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру,
Келесі әдіс тәсіліміз «Алтын тақ» деп аталады. Мына орындық тақтың міндетін атқарады. Осыған отырып армандарын айтқан адамдардың армандары толық орындалады. Мен сіздерді «Алтын таққа» отырып армандарыңыздың орындалуына қадам жасауларыңызды сұраймын.
Бұл тапсырманың мақсаты ата - ана мұғалім оқушы үштігінің бірін - бірінен не күтетіндігін анықтап беру үшін қолданылады.
Назарларыңызға рахмет! Сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
6 568
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы
Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, "№11 Қоскөл орта мектебі"КММ - де психологы Анихан Асылзат Канатовна
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Өзінің ішкі сарайына, көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап - дайын тұрған дәрісі. К. Д. Ушинский Қарым - қатынас – біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
КМҚК "Жауқазын " бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі: Нұрманова Ақтоты
Қарым – қатынас жарастығы
Қарым – қатынас жарастығы
Алматы облысы, Сарқан ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің мұғалімі Абдраманхан Ербол
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Мен ғажайыппын
Мен ғажайыппын
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектептің бастауыш сынып психологы Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×