Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушының ой-белсенділігін дамыту

16 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану керек.

Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білу, белсенділігін оята білу, мұғалімнің көрсеткіші, сондықтанда мен өз сабақтарымда ойын элементтерін қолдану арқылы балалар үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.

Интерактивті ойын - жаттығу арқылы танымдық қызығушылықты үнемі жаңа нәрселермен танысу үшін белгісіздік алдындағы қорқынышты жеңе білу, тыныш жағдайдан шығуға оқушының өзін-өзі итермелеуге жол ашады.

Ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды ескеріп, орындап отыруды көздеймін.
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын-ала дайындаймын.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіремін.
3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етемін.
4. Ойынның жүру барысында баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың дұрыс шешім қабылдай білуін, ойлануына, өз ойын еркін ортаға салуына дәлелдер келтіре сөйлеуіне қолайлы жағдайлар жасаймын.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілік танымдылығын күшейтеді, оқушының сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Дәстүрлі «Кім көп біледі?» сөз жалғастыру, «Әр әріптен бір сөз» сөздік қорын молайтуға, «Ойлан тап» сөз мағынасы туралы ұғымдарын кеңейтуге «Топтай біл» ой-өрісін кеңейтуге «Не өзгерді?» түбір мен қосымша ерекшеліктерін айыруға т.б. ойындарды қолдану.
Пікірлер тасқыны.

Мақсаты: диверенттік ойлау мен бірігіп жұмыс істеуді дамыту.
Уақыты 7-8 минут.
Барысы: Сынып 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа 1 заттың аты беріледі, мысалы: көрпе, бау, бор т.б. 2 минут ішінде басқа топтың ойына келмейтіндей үшеуін іріктеп алу.
Топтардың таңдауын талқылау.
Нәтижесінде: қиялдауға, шығармашылық ойлауды дамытуға, топпен жұмыс істеуге үйрететін жаттығу. Қарапайым заттарды әртүрлі жағдайда қолдануға болатынын түсінеді.Мысалы, бау заттарды байлауға ғана емес, байлап пішін келтіруге, ойыншық, шашбау, алқа, білезік, гүл құрау т.б.

Байланыстырып көр.
Мақсаты. Бір-бірімен байланысы жоқ заттарды байланыстыру.
Уақыты: 7 минут
Әр оқушыға 5-тен қағаз, қалам.
Барысы: Балаларға әр қағазға бір сөз жазуға тапсырма беріледі. Әр сөз төмендегідей топтардан болуы тиіс.
1. Табиғи зат.
2. Жасанды зат.
3. Жануар.
4. Сезім.
5. Қалаулы болашақ
Осы топтарға жататын кез-келген сөзді жазуға болады.Ол қағаздың бір жағына жазылады да, оқушылар сөз жазған жағын теріс қаратып, қағаздарды партаға қояды. 2 оқушы таңдап алынады. Олар өздерінің табиғи зат жазылған қағаздарын ашады. 10 секунд ішінде олар екеуінің арасындағы ең кемінде бір байланысын табу керек. Егер таба алмаса, басқа оқушылар көмектесе алады, бірлесе жұптасып жазып береді. Бұл әрекетті әбден үйреніп алған соң, табиғи зат пен сезім, жасанды зат пен жануардың арасындағы байланысты біледі.

Мұндай тапсырмалар шығармашылық дамыған ойлауды қажет етеді, сондықтан баланың барлық жауабы қабылданады. Бұл жерде қолайлы шешім емес, шығармашылық ойды, қабілетті дамыту басты роль алады.

«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Ор-өр,сұр-сүр, терек-зерек, тор-төр, сан-сән, көл-шөл-төл.
«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.
Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Мысалы: 1.ара-жәндік, ара-құрал
2.алма-жеміс, алма-қимыл

«Ойлан тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.
Ойын тәртібі: Мұғалім бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы: мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім «Отан» десе, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы: сәбіз, қияр, түйе, жылқы т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.

Сәбіз,қияр,картоп - көкөністер.
Бүгінгі күні бастауыш сатыда берілетін білімге қойылатын талап жоғары болып отыр, сондықтан да «Білім көзі - бастауышта» екенін ескере отырып, бала білімінің сапалылығын арттыру үшін оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту керек.
5 429
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Балабақшада ойын терапиясын қолдану
Балабақшада ойын терапиясын қолдану
Ойын терапиясының тиімділігі – Күтпеген жерден болатын шабуылдан, жазалаудан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. Тез шешім қабылдай білу қаблетін арттыру.
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Өзімнің 24 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль
Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
«Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс - әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек». (К. Ушинский)
Сабақ барысында озық технологияны пайдалану тиімділігі
Сабақ барысында озық технологияны пайдалану тиімділігі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сұттіқұдық ауылы, № 52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мүспенова Күлшара
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері
Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Г. Х
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×