Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде көптілді тұлға қалыптастыру

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде көптілді тұлға қалыптастыру (баяндама)

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. (К. Д. Ушинский)

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз …,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында көптілді бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс - тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этносмекендейтін мемлекетте көптілділік сирек.

Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да көптілділік көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыстың көптілділікгі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды.

Мысалы,
1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үйішілік тіл);
2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі);
3) билік жүргізетін әкімшілік (немесе ұлт) тілі;
4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі;
5) мемлекеттік тіл (немесе халықаралық байланыс тілі).

Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің атқарар қызметі жан - жақты. Олар – жалпы халыққа ортақ қарым - қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің тілі. Көптілділік билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады. Көптілділік үшін тілдің қолдану мәртебесінің жан - жақты болуы, қажеттіліктің қалыптасуы, сондай - ақ тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы) шешуші рөл атқарады.

Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы деп, оған жай - жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана - сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет - ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.

Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»- деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру - заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама: "Билингвалды білім беру"
Баяндама: "Билингвалды білім беру"
Еліміздің тіл туралы заңында көрсетілгендей ҚР - да тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. ҚР - да қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×