Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Ағылшын тілі
Балабақшада ағылшын тіліне арналған дидактикалық ойындар

«Hello»
Мақсаты: балаларға амандасу және өзін – өзі таныстыруды үйрету.
Барысы: педагог қолына карточкада сабақтың кейіпкерлерінің бейнеленген суреттерін балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello. I am Mum». Балалар көрсетілген кейіпкермен амандасады, танысады.

«Guess who?»
Мақсаты: мамандық атауларының айтылуын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Барысы: балаларға бір ересек адамның басы бейнеленген және жан – жағына бір мамандық иесінің құралдары бейнеленген суреттер кезек – кезек көрсетіледі. Педагог әрбіреуін көрсетіп: «Guess who?» деп сұрап отырады. Балалар қоршаған заттарға қарап, қай маман екендігін тауып айтады.
«Whose cage?»
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту, жаңа сөздерді белсендіру.
Барысы: жануарлардың атауын ағылшын тілінде атау, көлемі мен пішінінің ерекшелігіне қарай торын тауып көрсету (Elephant – үлкен торда тұрады).

«Who likes…?»
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын меңгерту, тақпақты жаттату.
Барысы: балалардың алдына жануарлардың (аю, қоян, ит, қораз) кескіндері және қырыққабат, ет, бал, дәннің суреттері беріледі. Педагог тақпақ жолдарын айтады, балалар айтылған жануардың нені жақсы көретінін суреттен тауып көрсетеді немесе жанына орналастырады.

«Find and say»
Мақсаты: жаңа сөздерді үйрету, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Барысы: үй жануарларының мүсіндерін тарының арасынан тауып алады, атауын ағылшын тілінде айтады. «Is it» құрылымымен танысады.

«Pass and say»
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын үйрету, есте сақтау қабілетін жақсарту.
Барысы: педагог шеңбер бойымен тұрған балалардың біріне сағат тілі бағытымен қарындаштың бірін түсін айтып, ұстатады. Алған бала сөзді қайталап келесі балаға ұстатады, осылайша қарындаш педагогтің өзіне қайтып келеді. Барлық қарындаштарды шеңбер бойымен түсін айтып жүргізіп шығады.

«Green, green, yellow»
Мақсаты: естіп түсінуді қалыптастыру, қимыл – қозғалыс аппаратын дамыту.
Барысы: педагог балаларға ойын бағдаршам түсіне сай ойналатындығын түсіндіреді. Түстердің атауын ағылшын тілінде өзі айтып тұрады. Балалар шеңбер бойында немесе өз қалаулары бойынша бөлме ішінде жүре бастайды. Айтылған түске сай жүреді, тоқтайды, баяу қозғалады.

Атырау облысы, Мақат ауданы,
Мақат поселкесі, «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасы
Тіл маманы: Аубекер Гулаим Амандаулетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар баланың физикалық дамуы жағынан ғана емес, ой қиял ұшқырлығын, логикасын дамытады.
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы. Математика 1 сынып
How old are you?
How old are you?
"How oldare you?", “I am …” лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін - өзі таныстыр дағдыларын дамыту. Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу.
I have got
I have got
Отбасы тақырыбына байланысты сөздермен сөздік қорларын толықтыруды жалғастыру. I have got …. фразасын қолданып өздерінің отбасылары жайлы сөйлем құрай білуге үйрету. Диалог құруда have you got…. сұрағын қойып және оған дұрыс жауап беруді үйрету.
Numbers 1-5. How many?
Numbers 1-5. How many?
Мақсаты: • Балаларды жаңа Numbers 1 - 5 лексикасымен және How many? сұрағымен таныстыру. • Жаңа: one, two, three, four, five лексикалық бірліктерін үйрену. How many? Сұрағын түсінуді, ағылшын тілінде санауды үйрету
Domestic Animals. Үй жануарлары
Domestic Animals. Үй жануарлары
Өскемен қаласы, «№100 Балабақша - бөбекжайы» КМҚК Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Темірхан Ақгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×