Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


The kingdom of three languages

25 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Такырыбы: «Не уйрендік, не білдік?»
What are we learn, what are we know
Что мы изучаем, что - мы знаем?


Білім беру саласы: Қатынас (Коммуникация)
Бөлімі: «Ағылшын тілі, Орыс тілі, Қазақ тілі»
Кіріктірілген саласы: «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларды ерте жастағы өзге тілді қызықты, әрі көңілді оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру; Инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, баланың жеке басының интеллектуалдық дамуына педагогикалық жағдай жасау; Бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, көптілді тұлға тәрбиелеу; Балалардың сөздік қорын кеңейте, тілін дамыту; Жаңа сөздердің мағыналарын жетік түсіну;
Синонимдер мен антонимдерді қолдана білу; Сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс қолдану;
Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету; Диалог түрінде сөйлей білу;
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекілігі: Дидактикалық, иллюстративті материалдар, мультфильм кейіпкерлері
Оқу іс - әрекетінің түрі: Саяхат

Іс - әрекет кезеңдері:
І. Ұйымдастырушылық
- Балалар, келіңдер шаттық шеңберіне тұрып, келген қонақтарымызбен үш тілде амандасып алайық.
Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning, good morning, (гуд мониң, гуд мониң)
Good morning to you (гуд мониң ту ю)
Good morning, good morning (гуд мониң, гуд мониң)
We are glad to see you! (уй а глэд ту си ю!)
Педагог балалармен амандасады: Good morning, children!
Балалар: Good morning, Teacher!
- Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- жақсы.
- Осы жақсы көңіл - күйімізді ағылшын тілінде айтып береміз бе?
- Ия.
- That’s OK. Stand up, please.
Балалар: Hello, hello, How are you?
I’m happy, happy, happy
Hello, hello, How are you?
I’m great, great, great
Hello, hello, How are you?
I’m OK, OK, OK!
- Very well. Балалар, біз бүгін «Тілдер патшалығына» саяхат жасаймыз.
- Саяхат жасауға дайынбыз ба? – ия
- Вы готовы? – да.
- Are you ready?
- Олай болса, let’s begin our lesson. Саяхатымызды бастамас бұрын сол елдердің туларымен және астанасымен танысып алайық.
- Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Қазақстанның астанасы қай қала?
- Астана қаласы
- Біздің туымыздың түсі қандай және туда не бейнеленген?
- Тудың түсі көк және туда қыран құс, күн сәулесі, ою - өрнек бейнеленген.
- Мынау – Ресей мемлекетінің туы. Ол елдің адамдары орыс тілінде сөйлеседі.
Ресей мемлекетінің астанасы – Мәскеу қаласы. Оны орыс тілінде Москва дейміз.
Балалар «Мәскеу – Москва» сөздерін қайталайды.
- Туының түсі қандай екен? Қандай түстер бейнеленген?
- Ақ, қызыл, көк түстері бар.
- Ал мынау ағылшындар елі - Англия мемлекеті. Ол елдің астанасы – Лондон қаласы. Мұнда адамдар ағылшын тілінде сөйлеседі. Мынау Англия елінің мемлекеттік туы. Балалар «Англия – Лондон» сөздерін қайталайды
Балалар, саяхат жасайтын патшалығымыздың астаналарымен, туыларымен таныс болдық. Енді Астана, Мәскеу және Лондон қалаларының әдемі көшелеріне слайд - шоу арқылы шолу жасайық.
Олай болса, саяхатымызды бастайық.
- Балалар, балабақшамыздан алдымен Астана қаласына ұшамыз. Ұшақтың дыбысы шығады.
- Міне, Астана қаласына келіп жеттік. Машинамен көшені аралап келе жатып Алдаркөсемен кездеседі. – Мынау кім, балалар? Алдаркөсе:
- Сәлем, достар! Астанаға қош келдіңдер! Балалар, сендер маған Астана және Қазақстан туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Көркіне көз тоймайды қараса,
Ғимараттар бой көтерген таласа.
Сұлу Есіл жағасына салынған
Астананың әсемдігі тамаша. (Гүлсім)

Қазақстан – еліміз бен даламыз,
Біз бақытты балдырғанбыз, баламыз.
Келешегін көркейтіп
Барын салар біз азамат боламыз. (Жанел)
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан үлкен
Қазақстан – туған ел! (Еркеназ)

Алдаркөсе: - Жарайсыңдар, балалар. Рахмет сендерге. Сау болыңдар!
Көшені аралап келе жатып, тау көтерген Толағайға кездеседі. Толағай:
- Сәлем, балалар. Маған мына жұмбақтарды шешуге көмектесіңдерші.
Жұмбақтар
Жазда жүрер жапанда, Балды жақсы көреді,
Ал қыс бойы апанда, Ұйықтау оның «қорегі». (А ю – медведь – bear)
Еңбегі оның бағалы,
Жақындасаң шағады. (Ара – пчелы – bee)
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама. кітап - книга - book
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім
жылқы - лошадь - horse
Тау көтерген Толағай да балалармен қоштасады.
Көшені аралап келе жатып, Дараға кездеседі. Дара:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Білім еліне саяхат»
«Білім еліне саяхат»
Мақсаты: 1. Балалардың алған білімдерін бекіту, жетілдіру, толықтыру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға үйрету.
Отан деген – Атамекен ағылшын тілі
Отан деген – Атамекен ағылшын тілі
білімділік: инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, баланың жеке басының интеллектуалдық дамуына педагогикалық жағдай жасау; дамытушылық: балалардың сөздік қорын кеңейте, тілін дамыту;
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік, көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×