Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Numbers 1-5. How many?

31 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Numbers 1 - 5. How many?»
Мақсаты:
• Балаларды жаңа Numbers 1 - 5 лексикасымен және How many? сұрағымен таныстыру.
• Жаңа: one, two, three, four, five лексикалық бірліктерін үйрену. How many? Сұрағын түсінуді, ағылшын тілінде санауды үйрету. Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту, цифр мен зат санын сәйкестендіруді үйрету. Ағылшын тілінде математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті қарындаштар, CD диск, есеп құралдары(5 бірлікке дейін).
Билингвальді компонент: numbers 1 - 5 – 1 - 5 сандары – числа 1 - 5, ball – доп - мяч, dog – ит - собака, fingers – саусақтар – пальцы. How many?- Қанша? – Сколько?, Look at the bee – Араға қараңдар - Посмотрите на пчелку, Go to your hive - Өздеріңнің ұяларыңа ұшыңдар – Летите в свой улей.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Түлкішектің анасы оқу іс - әрекетіне келді. (Фоксидің анасының суреті салынған flashcard пайдаланылады). Балалармен амандасады: Hello, children! Sit down, please. Ол баласына санауды үйретулерін сұрайды. Балалар түлкішектің анасымен амандасып, аттарын атап, өздерін таныстырады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Балалардан: «Ана тілдеріңде 5 - ке дейін санай білесіңдер ме?» - деп сұрайды.
1 - тапсырма.
Доптарды санаңдар.
Бірақ түлкішек ағылшын тілінде санап үйренуі тиіс. Педагог сандардың әрқай - сысын көрсетіп, ағылшын тілінде оларды атап шығады.
Балаларға алдымен оң қолдарындағы, одан кейін сол қолдарындағы саусақ - тарын ағылшын тілінде санауды ұсынады.
One, two, three, four, five.
Five fingers. ( Бұл жерде зат есімнің көпше түріне назар аудармау керек, ол туралы кейінірек ай - тылады).
How many?

2 - тапсырма:
Педагог түлкішектің және оның достарында қанша доп бар екендігін санауды ұсынады «How many?» сұрағын қояды.

Сергіту сәті:
One, two, three.
Look at the bee.
Four and five.
Go to your hive.

3 - тапсырма:
Қол икемділігін, цифрды және ол белгілейтін мөлшерді түсіну дағды - сын дамыту.
Педагог балаларға қа - жетті мөлшерде штрих - тайтын заттардың санын атайды: 2(bear). 3(mice). 1(fox). 5(cats). 4(bees).
Суретте қандай жануар бейнеленгенін және оның штрихтайтын санын сұрайды.
4 - тапсырма.
«Сан мен суретті сәйкестендір» дидактикалық ойыны. Балалардан берілген заттарды санауларын, цифрларды атауын, сәйкес заттардың санымен сызық арқылы қосуларын сұраңыз.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (6 - бет) Балалар ана тілінде доптарды санайды.

Балалар педагогтің артынан қайталайды:
one, two, three, four, five

Балалар қолдарының саусақтарын санайды:
one, two, three, four, five.
Санайды.
Жауап береді: five.
Балалар ағылшын тілінде доптарды санайды педагогтің сұрағына жауап береді.

One, two, three.
(балалар адымдап жүреді)
Look at the bee.
(қолдарымен ойдағы араны көрсетеді)
Four and five.
(адымдап жүреді)
Go to your hive.
(балалар араларды бейнелеп, ұшқан болып, орындықтарына отырады).

Балалар көрсетілген жануарлар санын штрихтайды.
Балалар заттарды ағылшын тілінде дауыстап санайды, цифрды тауып, заттар мен цифларды бір - біріне қосады.

Балалар сандарды тауып, қоршап сызады.
Рефлексиялық – түзетушілік Педагог оқу іс - әрекетін қорытындылайды. Ол түлкішекпен бірге тағы да бір рет сандарды қайталап шығуды сұрайды. Түлкішектің анасы балалармен қоштасып, баласына көмек көрсеткендері үшін алғыс айтып, шағын санамақты үйретеді:
one, two, three, four, five
Let` s say Goodbye!
Түлкі - ана балалармен қоштасып, оларға көмек көрсеткендері үшін рахмет айтады.
Goodbye, children. Балалар 5 - ке дейін санауды қайталайды.
Санамақты жаттайды.

Түлкішектің анасымен қоштасады:
Goodbye!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа: one, two, three, four, five лексикалық бірліктерін;
Түсінеді: Ағылшын тілінде 5 - ке дейін санауды;
Қолданады: Ағылшын тілінде санауды.
6 631
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Furniture – Жиһаз
Furniture – Жиһаз
Мақсаты: балаларды жаңа «Toys. Letter D» лексикасымен таныстыру. Жаңа Dd әріпін және осы әріптен басталатын dragon сөзін үйрету. Жаңа car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін беру. Сұраулы «How manу?» сөзіне жауап беруді меңгеру.
How old are you?
How old are you?
"How oldare you?", “I am …” лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін - өзі таныстыр дағдыларын дамыту. Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу.
Happy birthday
Happy birthday
Happy birthday тақырыбындағы жаңа лексикамен, жаңа 6, 7 цифрларымен таныстыру.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, ертегіні қоя отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту, ағылшын тілінде ертегі айтуға үйретту, сөздік қорларың молайту, қатесіз сөйлеуге дағдыландыру.
Colours. Letter Ff
Colours. Letter Ff
Мақсаты: 1. Жаңа red, blue, orange, green, yellow лексикалық бірліктерін беру. Жаңа Ff әрпін және осы әріптен басталатын «fish» сөзін үйрену. Жаңа How many? сұраулы сөз тіркесін пайдалануды және оған жауап беруді үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×