Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


hello

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Сабақты тақырыбы: Hello
Сабақты мақсаты: «Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда – тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті
Оқушылармен амандасу, кезекшімен әңгіме

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстармен және ағылшын тілінде бір - бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс
- Балалар, Ақылды Қарға бізге ағылшын тілін үйренуге көмек көрсетеді. Mr Wise Crow! Ол бізге Англияның, Лондон қаласынан ұшып келді. Ол өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге көмектеседі.
Mr Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырды /еі/, /еі/, /еі/. Ал енді, балалар, сендердің кезектерің келді. Ақылды Қарғаның артынан дыбыстарды қайталаңдар.
Now you. Pepeat after Mr Wise Crow: /еі/, /еі/, /еі/. Өте жақсы балалар. Well done, children!
Оқулықпен жұмыс

1 - жаттығу. Listen to your teacher and repeat.
- Суретке қараңдар. 1 қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз? Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Good morning, I’m a teacher!- Сәлеметсіздер ме, мен мұғаліммін!
Repeat after me: Good morning!
Әдетте таңертең ересек адамадарға «Good morning» дейміз, бірақ бір - бірлеріңе “Hi” немесе“Hello” деуге болады. Бір - бірімен амандасыңдар.
Hello, I’m Alibek!- Сәлеметсіз бе, менің атым Әлібек!
Repeat after me: Hello, I’m Alibek!-
Танысу үшін: Who are you? деген сұрақ қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер: – I am Anar.

2 - жаттығу.
Енді өлең тыңдаймыз. Өлеңді қайталату, бірге айтқызу.
Track3
- Hi! I’m Anar. I’m a girl.
- Hi! I’m Olga. I’m a girl.
- Hello, I’m Alibek. I’m a boy.
Hello, I’m Misha. I’m a boy.

Сергіту сәті.
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On tha tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!

Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу. Суретті аяқта және айт.
2 - жаттығу. Оқушылар сурет салып, өздерінің есімдерін айтады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлейтінін, ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіңдер. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата - аналарыңа не айтар едіңдер? Бүгінгі танысқан сөздерімізді есімізге түсірейік. Сонымен бірге өз атымызды ағылшын тілінде айтып үйрендік.
- Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл ән адамдар бір - бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді еске сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар.

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!
Ал енді қоштасамыз: Goodbye!
17 055
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
My family
My family
My family тақырыбы бойынша репродуктивті және рецептивті қарым - қатынасын қалыптастыру; есептік сан есім мен әліпбиді қолдануларын белсендіру; рецептивті граматикалық материалдарды белсендіру; әріптіркестерінің оқу дағдысын, орфографиялық дағдыны
At the Zoo
At the Zoo
Оқушыларды «At the Zoo» такырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe)) таныстыру. Көпше түрдеғі «these» сілтеу есімдігімен және «they» жіктеу есімдігімен таныстыру.
Ағылшын тілінен 1 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Ағылшын тілінен 1 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларды «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (a plane, a train, a doll, a ball, a car). Ойыншықтардың атауын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын калыптастыру.
Where are you from?
Where are you from?
Мақсаты: Етістіктің осы шағын грамматикалық тұрғыдан қолдана білу біліктілігін дамыту.
Ағылшын тілінің фонетикасы
Ағылшын тілінің фонетикасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Түешиева Меруерт
Colours
Colours
Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Есенжулова Назерке Еркабыловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×